Мемлекеттік университеттерді жекешелендіруге тыйым салынады
primeminister.kz
Сенат 100% мемлекеттің қатысуымен ЖОО-ны жекешелендіруге тыйым салатын заң жобасын қарастырып жатыр.
Бұл туралы Orda.kz Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, Парламент Мәжілісінде «білім беру үшін маңызды нормаларды» қамтитын заң жобасы қабылданды. Оның бірі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге қатысты.
– Жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорындардан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды.
Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді.
Аталған мәселені түпкілікті шешу үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық.
Енді мемлекеттің 100% меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды, демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады.
Бұл заң жобасы енді Сенатта қаралатын болады, егер сенаторлар қолдаса, Мемлекет басшысының қарауына жіберіледі, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Министр тағы бір түзету ерекше білім беруді қажет ететін қатысты дейді. Аймағамбетовтың айтуынша, елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны артып келеді. Оларға жеке түзету бағдарламасы қажет, бірақ мамандандырылған орталықтар жеткіліксіз.
– Уақтылы көмек болмағандықтан, бұл ерекшеліктерді түзету және баланы білім беру ортасына қосу қиынға соғып жатыр.
Енді бұл норма мемлекеттік емес ұйымдарға осындай қажет орталықтарды ашуға және көрсетілген қызметтер үшін бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік береді.
Бұл механизм жеке балабақшалардың қызметімен бірдей. Естеріңізге сала кетейін, дәл осындай тетік арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен қамтуды бірден арттырған едік, - деді министр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық