Мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктерге айыппұл салынады
Фото: freepik.com
Қырғызстанда мемлекеттік тілде сөйлей алмайтын шенеуніктер айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылғы 14 сәуірде Қырғызстанда Жогоркы Кенештің әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті отырысында Мемлекеттік тіл жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсынған түзетулер топтамасы қаралады.
Мемлекеттік тіл туралы Конституциялық заңға бірнеше өзгерту ұсынылды. Бірқатар мамандар үшін қырғыз тілін білу міндетті болуы тиіс:
- жергілікті кеңеш депутаттары;
- нотариустар;
- адвокаттар;
- судьялар;
- прокурорлар;
- тергеушілер және басқалар.
Тілді меңгеру деңгейін министрлер кабинеті анықтайтын болады, ал бақылау құралы ретінде «Қырғызтест» қолданылуы ұсынылған. Сонымен қатар, заң жобасында мемлекеттік тіл туралы заңнаманы сақтамағаны үшін айыппұл салу нормасы да қарастырылған.
«Тілді айыппұл арқылы үйрету тәсілі дұрыс емес. Бұл пайдасыз және адамдарды ашуландырады. Тілді ынтамен, сүйіспеншілікпен үйрену әлдеқайда жақсы», — деді депутат.
Қырғызстандағыдай қазақ қоғамында тіл мәселесінің орны ерекше. Тіл туралы биік, елдің ең жоғары мінберлерінен де, әр отбасының төрінен де базына азаяр емес.
Еске сала кетсек, 2017 жылы Назарбаевтың кезінде жария етілген мемлекеттік тілдің кең ауқымды реформасы әлі күнге дейін өз мәресіне жетпеді. Осы мәселе бойынша Orda.kz тілшісі латын әліпбиін жасаған комиссияның жетекшісі Ерден Қажыбекке және ҚР ғылым және жоғары білім министрлігіне хабарласып көптің көкейінде жүрген сауалды қойып, жан-жақты саралаған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық