«Мемлекеттік тілде сөйлеуді талап ету — қылмыс емес»: Мирболат Мырзатайұлы не үшін сотталды?
Фото: Мирболат Мырзатайұлының Facebook парақшасынан
Медеу аудандық №2 сотында «Журналистік зерттеу орталығының» жетекшісі әрі қоғам белсендісі Мирболат Мырзатайұлына қатысты үкім шықты. Журналист 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін оның қорғаушылары мен жақтастары жедел баспасөз мәслихатын өткізіп, істің саяси сипатта екенін ашық айтты.
Orda.kz тілшісі баспасөз мәслихатына барып қайтты.
Айыптау актісінде көрсетілгендей, биыл сәуірде Мирболат Мырзатайұлы Алматыдағы бір мекемеге барып, басшысымен жанжалдасқанда қазақ тілінде жауап беруді талап еткен. Сол сәттегі диалогтан үзінді Instagram желісінде жарияланып, кейін полицейлер оны «ұлтаралық араздықты қоздыру» деп бағалаған.


«174-бап әрдайым сынға ұшырап келеді, себебі оның түсінігі тым жалпылама. Кімге болсын қолдануға мүмкіндік береді. 2020 жылы өзгерістер енгізілгенімен, құқық қорғау органдары «қоздыру» мен «өршіту» ұғымдарының айырмашылығын әлі түсінбейді», — деді ол.
Сондай-ақ, Балғабаева сараптама нәтижесінің қисынсыздығын бірнеше рет атап өтті.
«Cараптама «араздық қоздыру белгілерін» таптық дейді. Бірақ бейнежазбада бірде-бір ұлтты кемсітетін сөз жоқ. Радикалдық әрекетке шақыру да жоқ. Заңгерлердің кез келгені мұнда қылмыс жоқ екенін бірден айтар еді. Бұл — ойдан шығарылған айып. Сөз бостандығы мен мемлекеттік тілдің мәртебесін талап еткені үшін азаматты қудалау — саяси қадам. Айыптауды толық жоққа шығардық, сараптама мен куәгерлер біздің пайдамызға сөйледі. Дегенмен сот басқа шешім шығарды», — деп түсіндірді қорғаушы.
Айыптау актісіндегі басты дәлел — Мирболаттың мекеме басшысынан қазақша жауап талап етуі.
«Мемлекеттік тілде жауап талап ету қылмыс емес. Тіл туралы заңның 11-бабы мемлекеттік органдар сұраныс қай тілде келсе, сол тілде жауап беруге міндетті екенін нақты көрсетеді. Бұл — әділетсіздік, тек Мирболатқа ғана емес, қазақ тілді азаматтарға жасалған әділетсіздік», — деді ол.
Мырзатайұлының жиі көтеретін тақырыптарының бірі қытай азаматтарына жер берілуі мәселесі еді. Жоғалған күні белсенді Худайшүкір Абдуллаев пен Асылбек Қараевпен бірге Талғар аудандық әкімдігіне барған, алайда Бишуинов сол күні үйіне жете алмай кетті. Блогердің туыстары мен жақтастары оның ұсталуын саяси қудалау деп санайды. Бишуинов әлеуметтік желіде шетелдіктерге жер беру мәселесін жиі көтеріп, өткір пікірлер білдіріп жүрген. Әсіресе, Қытай азаматтарына жер сатуға қарсы жазбалары қоғамда кең талқыланған еді.
«2 қыркүйек күні 4 гектар жер Қытай азаматтарына сатылды. Біз әкімдікке шағым айтып бардық. Әкімдіктен шыққан соң әрқайсымыз өз көлігімізге мініп кеткенде, Мирболатты шұғыл түрде қамауға алып кетті» , — деді Худайшүкір Абдуллаев.
Айта кетейік, қоғам белсендісі сот процесі кезінде залға келе алмаған, барлық процестерге тек онлайн қатысқан. Мырзатайұлы бұл жағдайға наразылық білдіргенімен, сот назарға алған жоқ.
Қорғаушылар оның Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық