Мемлекеттік қызметтерді ЖИ алмастыруы мүмкін
Фото:Dev.by
Қазақстан Microsoft корпорациясымен бірлесе отырып мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллект жүйесін енгізуі мүмкін.
Бұл туралы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
АҚШ-қа жұмыс сапарымен барған министр Жаслан Мәдиев Microsoft компания өкілдерімен мемлекеттік технологиялық қызметтерде жасанды интеллект технологияларын пайдалану жолдарын талқылады. ЖИ интеграциясы мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын айтарлықтай арттырып, оларды азаматтарға қолжетімді ете алатынын атап өтті.
Сонымен қатар әртүрлі платформаларға, соның ішінде дербез компьютер мен мобильді құрылғыларға арналған Copilot сияқты шешімдерді енгізу мәселесі де қарастырылды. Сондай-ақ осы технологияларды қолданыстағы Microsoft платформаларымен және басқа клиенттік жүйелермен интеграциялау керектігі айтылды. Ал икемділік пен ауқымдылықты арттыру үшін гибридті бұлтты пайдалану мәселелеріне де тоқталды.
«Министірлік Microsoft корпорациясымен Azure деректер орталығын құру бойынша келіссөздерді жалғастырып жатқанын хабарлады. Бұл жоба бұлтты инфрақұрылымды дамытуға бағытталған және елдің цифрлық трансформациясына ықпал етеді», – деп қосты ведомство.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық