Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға ескерту жасады
Фото: sgork_official
Астана қаласында қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысті бірнеше көшелер жабылады.
Бұл туралы мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.
«Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты биылғы жылдың 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен «Есіл» (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық, Керей-Жәнібек хандары көшелері), «Нұра» (Тұран, Ұлы Дала даңғылы) және «Алматы» (Тәуелсіздік даңғылы, Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов көшелері) ауданында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі» деді күзет қызметі.
Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиация ресурстарын пайдалануды көздейді.
Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық