Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин отставкаға кетеді – дереккөз
Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалған Ерлан Қарин отставкаға кетеді.
Бұл туралы «YEDILOV ONLINE» telegram-аранасы хабарлайды.
«Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, референдумнан кейін Ерлан Қарин мемлекеттік хатшы қызметінен кетеді. Лауазымның атауы мемлекеттік кеңесші болып өзгереді деп күтілуде» делінген хабарламада.
Бұл туралы әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жоқ.
Еске салсақ, Қасіретті қаңтар кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшы қызметінен Қырымбек Көшербаев отставкаға жіберіп, бұл лауазымға өзінің көмекшісі Ерлан Қаринді тағайындаған болатын.
Сонымен қатар, 31 қаңтар күні Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысының өкілеттігін өзгертті.
Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 жарлығына сәйкес, мемлекеттік хатшы келесі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
- 1) Қазақстан Республикасының президенті үшін ішкі саясат саласында стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
- 2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша: Қазақстан Республикасының парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда; халықаралық қатынастарда;
- 3) Әлеуметтік-гуманитарлық сала: білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі; Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның; мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның; Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің – Елбасының мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның; Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі; Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның; саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның; ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және жастар саясаты жөніндегі кеңестің;
- 4) Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, Қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;
- 5) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- 6) Қазақстан Республикасы парламентінің тапсырмасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық