Мемлекеттік бюджеттен ең көп қаржыны Жусан банк алады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова қаржылық тұрақтылық бағдарламасы бойынша қай банктердің ең көп қаражат алғанын айтып берді. Ол көшбасшы ретінде балансында барлық мемлекеттік қолдаудың 50 пайызы сақталған Жусан банк болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әбілқасыманың айтуынша, агенттік банк жүйесі туралы заңға елеулі өзгерістер енгізетін заң жобасын әзірлеуде. Оған сәйкес, банктер төлем қабілетсіздігі туындаған жағдайда, оның ішінде мемлекет есебінен қолдау көрсету тетіктері белгіленетін болады.
«Бұл ретте әлемдік тәжірибеге сәйкес, қолдау тек қаржы секторы мен экономикаға жүйелі әсер ететін банктерге ғана көрсетілуі мүмкін. Кез келген қолдауды көрсетпес бұрын, акционерлердің барлық шығындарды жабуға қатысуының барлық тетіктері мен процесс ашық болады. Осы мақсатта жаңа механизм әлемдік тәжірибеге толығымен сәйкес келуі үшін қазір ХВҚ сарапшылары тартылды», - деді Мәдина Әбілқасымова.
Оның айтуынша, қазір мемлекеттік қолдау екінші деңгейлі алты банктің балансында қалып отыр. Оның ішінде 4 банк қаржы жүйесіндегі стреске ұшыраған активтер деңгейін төмендету мақсатында 2017 жылы ҚР Ұлттық Банкі қабылдаған қаржылық тұрақтылық бағдарламасына қатысты.
«Шығындардың үштен екісі реттелген облигацияларды ұсыну есебінен, залалдардың үштен бірі акционерлердің тікелей енгізуі есебінен жабылды. Бұл бағдарламада әлі үш банк бар - Центр Кредит Банкі, Еуразиялық банк, Нұрбанк. РБК одан шығып, анықталған шығынды толығымен жапты», - деп жалғастырды сала басшысы.
Мемлекеттік қолдау Халық банкі мен Жусан банкі балансында қалды. Ең қомақты көлем, яғни 50 пайызға жуығы Жусанға тиесілі.
«Мемлекеттік қолдаудың қайтарылуын қамтамасыз ету үшін біз өткен жылы заңнамалық түзетулер қабылдадық. Ал биылғы жылы банктерге мемлекеттік қолдаудың мерзімінен бұрын қайтарылуын ынталандыру тетігі іске қосылды. Егер банктер дивиденд төлегісі келсе, онда олар мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын қайтаруға міндетті. Халық пен РБК қазірдің өзінде қамтамасыз етті. Толық емес, ішінара. Қазір бұл процесті қалай жеделдету мәселесі қарастырылуда», - деді Әбілқасымова.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Orda.kz мемлекеттің коммерциялық банктерге өте төмен пайызбен ақша құйып, кейін сол банктерден нарықтық бағамен несие алатыны туралы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық