Мемлекеттік аудиттен кейін «ҚазМұнайГаз» активтерінің өткізілуіне бақылау күшейтілді
Фото: Мемлекеттік аудит
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы шеңберінде өз активтерін өткізу шарттарының орындалуына бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Жекешелендіру саласындағы мемлекет саясатының тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысы бойынша (2023 жылғы желтоқсан) ҚМГ активтерін сатып алу-сату шарттарының орындалуын бақылаудың қолданыстағы жүйесі олардың орындалу талаптарының анықтығын қамтамасыз етпейтіні анықталды. Осыған байланысты ұлттық компанияға жұмыс нормативтеріне қажетті өзгерістер енгізу тапсырылды.
Нәтижесінде ҚМГ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі шешімімен Активтерді өткізу қағидалары жаңа редакцияда бекітілді. Мұнда бәсекелес ортаға берілетін заңды тұлға қызметінің бейінін, жұмысшылардың жалпы санын, олардың жалақы деңгейін сақтау сияқты және басқа да талаптар көзделген.
Жаңартылған Қағидаларға сәйкес активті өткізудің барлық талаптары міндетті түрде сатып алу-сату шартына енгізіліп, одан әрі олардың орындалуын растайтын тоқсан сайынғы, жартыжылдық немесе жылдық есеп ұсынып отыруға тиіс.
Қазіргі кезде мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында.
Жаңалықтар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды