Мемлекетке келген 35 млрд залал: Бас прокуратура «СК-Фармация» ЖШС-ны тергеуге алды
Фото: Baigenews
Мәжіліс депутаттары Базарбек пен Әбеновтің үндеуінен кейін Бас прокуратура мемлекетке 35 миллиард теңге залал келтірген «СК-Фармация» ЖШС-ға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәліметтерге зер салсақ, заң бұзушылықтар мемлекетке едәуір залал келтірген.
«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ:
- Жалған клиникалық зерттеулер жүргізіп, 166,4 млн теңгеге дәрі-дәрмек бойынша қаражат игерілген;
- Шын мәнінде алынбаған жабдыққа 36,7 млн теңге негізсіз жұмсалған.
«СК-Фармация» ЖШС ЖШС (Бірыңғай дистрибьютор):
- Дәрі-дәрмек сатып алу кезінде мемлекетке 35,8 млрд теңге мөлшерінде залал келтірген.
«КазМедПром» ЖШС:
- Медициналық қолғаптарды Бірыңғай дистрибьюторға қымбат бағамен жеткізу арқылы 5,3 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, «СК-Фармация» ЖШС 35,8 млрд-қа тек медициналық қолғап сатып алуға жұмсаған.

Еске сала кетейік, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайраттың сотында «Стройконструкция» АҚ-ның заңгері Галина Исаева айыптаушыларды белгілі алаяқтармен салыстырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық