Мемлекет басшысының сөгісі әсер етпейтін шенеуніктер
Әмір Кәрімбаев
Тоқаевтың ескертуінен кейін қызметінен босатылған бұрынғы «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры одан да жоғары қызметке ие болды.
Мемлекет басшысының 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының жолдарын жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев қызметінен босатылған болатын. Бірақ жақында оның жоғары қызметке отырғаны белгілі болды, қазір ол «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ операциялық департаментінің директоры.
Тоқаевтың сөгісінен кейін қызметі өрлеп кетті
Тоқаевтың ескертуінен кейін жұмыстан кеткен басшылардың одан да жоғары лауазымға баруы әдетке айналды.
Айта кетейік, Кәрімбаев Тоқаевтың 2019 жылы берген тапсырмасы орындалмаған соң қызметінен босатылды. Президент сол кезде БҚО-дағы жолдардың жағдайына назар аударып, 2021 жылдың соңына дейін Қазталов, Жәнібек және Бөкейорда аудандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Алайда, екі жыл өткеннен кейін де жолдардың жағдайы жақсара қойған жоқ. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен облыс басшысына белгіленген мерзімде тапсырманы орындамаған жауаптыларды жазалауды және шара қолдануды тапсырды. Бұл іске тікелей жауапты Әмір Кәрімбаев қызметінен кетті.

Алайда жазаланған басшы ұзақ уақыт жұмыссыз қалмады. Әріптестері жан-жақты көмектері мен қолдауларын аямаған болса керек.
Еске сала кетейік, бұған дейін дәл осындай себептермен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылған болатын. Сол кезде ҚАЖ орталық аппаратының және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар басшы қызметкерлері мен мамандарына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Тараздағы оқиға шенеуніктерге сабақ болмапты
Тоқаевтың сөзінен кейін жұмыстан босатылған шенеуніктің бірі - Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев. Ол да алғаш рет 12 жасар оқушы қыз мектеп дәретханаларының бірінде зорланған оқиғадан кейін қызметсіз қалған. Бірақ аз уақыттан кейін экс-әкім қайтадан Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып шыға келді. Ол орынтақта үш күн ғана отырса да, қызметке тағайындалғаны рас.

Президент бұл туралы білгеннен кейін шенеунік орынтақтан сырғып кетті. Ол жолы таяқтың ұшы «кадрлық қатені түзете алмаған» облыстың экс-әкімі Бердібек Сапарбаевқа бұйырған болатын. Оған сөгіс жарияланды. Осы уақытқа дейін президент екі рет қызметінен қуған Қайрат Досаев «қамқорлықпен» тағы бір жерден шыға келмесе, әзірге тыныш. Ал Кәрімбаев жайғасқан орынтақ, осыдан кейін оған бұйыра ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды