Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Республика күнімен құттықтады
Құрметті отандастар!
Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы – елдігіміздің берік тұғыры. Онда мемлекетіміздің аумақтық тұтастығының мызғымастығы, халқымыздың жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуға ұмтылысы және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі нақты көрініс тапқан. Осы басты қағидаттар Конституциямызда, заңдарда және Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарын белгілейтін басқа да құжаттарда көрсетілген.
Республика күні ырысты ынтымақ пен өзара тілеулeстіктің арқасында халқымыздың барлық сын-қатерден сүрінбей өтіп, азаттыққа жеткенін әйгілейді. Біз бабалар аманатына адал боламыз. Ел бірлігін әрдайым нығайта береміз. Егемендігімізді қадір тұтып, көздің қарашығындай сақтаймыз.
Халқымыз тату-тәтті әрі берекелі қоғам құруға бар ерік-жігерін жұмсайды, жасампаз ісімен жаңа белестерді бағындырады. Әрбір отандасымыз Адал азамат деген атқа лайық болып, елімізді дамытуға салмақты сөзімен, өнегелі ісімен үлес қосады.
Біз бірге мақсатымызға жетеміз – баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрамыз.
Байрағымыз көк аспанда асқақ желбіресін!
Ұлттың рухы қашанда биік болсын!
Еліміз өсіп-өркендей берсін!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Жаңалықтар
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады