Мемлекет басшысы Иран президентін Ислам революциясы күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианға Ислам революциясы күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық пен достық байланыстар алдағы уақытта да халықтардың игілігі үшін нығая түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне жауапты қызметінде табыс тілеп, Иран еліне өсіп-өркендеу мен береке тіледі.
Айта кетейік, Ирандағы жаппай халық көтерілісі негізінен елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты туындады. Жыл соңында Иран валютасы (риял) күрт құнсызданып, инфляция шарықтады, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының бағасы халық үшін қолжетімсіз деңгейге жетті. Жұмыссыздықтың өсуі мен халық табысының төмендеуі әлеуметтік жағдайды одан әрі ушықтырды.
Биліктің ресми мәліметінше, көтеріліс кезінде шамамен 5 мың адам қаза тапқан. Ал құқық қорғау ұйымдары адам шығыны бұдан да көп екенін мәлімдеді.
Еске салсақ, 10 ақпанда Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы ел дамуының келесі кезеңіне арналған стратегиялық басымдықтарды айқындаған маңызды саяси-экономикалық тапсырмалар берді.
Оқи отырыңыз:
- Кеңейтілген отырыс: Үкімет пен шенеуніктерге берілген соңғы ескерту ме?
- Президент жеке цифрлық деректерді қорғау қажеттігін мәлімдеді
- Тоқаев: Бюджет қаражатын игере алмай отырсыздар
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық