Мемлекет басшысы ДДСҰ бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаланы «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеалаға ілтипат білдіріп, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге айырықша мән беретінін атап өтті.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Сіздің басшылығыңызбен көпжақты халықаралық сауда жүйесі қазіргі кедергілерді жоюға және тең жағдай жасауға бағытталған үлкен трансформациядан өтетініне сенімдіміз. Сіздің Алматыға сапарыңыздың маңызы зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тығыз ынтымақтастығымыз үшін өзіңізге ризашылығымды білдіргім келеді. Ұйымға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету – Қазақстан үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Аталған жиын барысында ДСҰ мүшелері ұйымды реформалау туралы маңызды шешімдер қабылдай алды»,- деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, күшейіп келе жатқан жаһандық протекционизм мен сауда шектеулеріне қарамастан, Қазақстан экономикасы ашық ел ретінде өз позициясын нығайта түсуге ұмтылады. Қазіргі кезде біз әлемнің 180 елімен сауда-саттық жасаймыз. Соңғы үш жылда еліміздің сыртқы саудасының көлемі 53 пайызға ұлғайып, 160 миллиард долларға жетті.
Өз кезегінде Нгози Оконджо-Ивеала ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясының төрағасы ретінде халықаралық сауда саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың көпжақты сауда жүйесін және Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлін нығайту ісіне қосқан үлесін Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынын атап өтіп, оны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық