Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
Фото: АҚШ баспасөз агенттігі
АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ-тың бірінші ханымы Қауіпсіздік кеңесінің әскери қақтығыстар кезіндегі балалар жағдайына арналған отырысына төрағалық етті. Іс-шара 2 наурыз күні Нью-Йоркте, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында өтті.
Еске салсақ, 3-наурызда Минаб қаласындағы қырғынның құрбаны болған 165 оқушы мен мұғалімнің денесі жер қойнына тапсырылып, қоштасу рәсімі болды.
1-наурызда Иранның білім министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Ирандағы қыздар мектебінде қаза тапқандар саны 148 адамға жеткенін, тағы 107 адам жарақат алғанын жарыса жазды.
Күйеуі соғыс ашып, Иранның бейбіт тұрғындары мен жазықсыз балалар қырылып жатқанда, АҚШ-тың бірінші ханымы үлкен мінберден балаларды қорғау туралы «ұлағатты сөз» сөйлегенін біз түгілі Американың өзі түсінбей қалды.
Deutsche Welle хабарлауынша, Мелания қазіргі кезеңді әлемдегі жалпы ахуалды «қиын уақыт» деп атады. Ол Таяу Шығыстағы қақтығысқа тікелей тоқталған жоқ.
«АҚШ бүкіл әлемдегі барлық балаларды қолдайды. Жақын арада сендерге бейбіт өмір сыйлайды деп үміттенемін», – деді бірінші ханым.
БҰҰ жанындағы Иран өкілі Amir Saeid Iravani АҚШ пен Израиль Иран аумағына зымыран соққыларын жасап жатқан уақытта, балалар қауіпсіздігі тақырыбындағы отырыстың АҚШ төрағалығымен өтуін «өте ұят әрі ең жоғары деңгейдегі сынға лайық» деп бағалады.
Мелания Трамптың төрағалығымен өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысы ұйым тарихындағы алғашқы осындай жағдай. Бұған дейін бұл рөлде мемлекет басшылары, премьер-министрлер, сыртқы істер министрлері немесе елдердің тұрақты өкілдері ғана болған.
Талқылаудың басты тақырыбы қарулы қақтығыстар жағдайында балалардың қауіпсіздігін және білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету проблемасы болды.
Қауіпсіздік Кеңесі құрамына Ресей, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ және Францияны қоса алғанда, бес тұрақты қатысушы кіреді. Сондай-ақ құрылымда ротация тәртібімен жыл сайын ауысатын он тұрақты емес мүше бар.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық