Мектептердің қауіпсіздігі күшейтіледі
Сурет: freepic
Еліміздің мектептерінде келесі оқу жылының басына қарай арнайы күзет, дүрбелең түймелері мен турникеттер пайда болады.
Дәл осындай тапсырма облыс әкімдері мен білім басқармаларына берілді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді, оған министр орынбасарлары, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері де қатысты.
Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ағымдағы жағдай туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Қарынова баяндады.
Оның айтуынша, 2022 жылы білім беру саласындағы лаңкестік әрекеттерге осал нысандарды қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың қабылдануы туралы, тармақтар тізбесін және оқу орындарына әкелуге тыйым салынған заттар, бейнебақылау жүйелері арасындағы сәйкессіздік Алматы, Қостанай, Түркістан облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында тіркелген.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының ірі қалаларында мамандандырылған күзетпен келісім-шарт жасалмаған. Ендігі жерде барлық оқу орындарында интеграцияланған қауіпсіздік жүйесінің болуы тексерілетін болады.
Сондай-ақ, Білім министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және балалар құқықтарын қамтамасыз ету, оның ішінде қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру бойынша Кешенді жоспардың жобасын әзірлеуде. Оған 20-ға жуық мемлекеттік орган жұмылдырылған. Басты мәселе – әкімдіктердің күзет қызметін сатып алуды қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының жұмысы және қауіпсіздік қызметіне қойылатын талаптар мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту шаралары туралы баяндады.
Петропавлдағы №4 орта мектепте болған оқиғаға қатысты Игорь Лепеха тексеру барысында нысанда турникет пен мамандандырылған күзеттің жоқтығы анықталғанын атап өтті.
— 15 мектептің, оның ішінде №4 орта мектептің жедел басқару орталықтарына бейнебақылау жүйесін қосу келісім-шарттары өткен жылдың 31 желтоқсанында аяқталғаны анықталды. Бөлінген қаражатқа қарамастан, мектептермен келісім-шарт жасалмаған. Қазіргі уақытта шенеуніктер жауапкершілігі қарастырылуда,- деді Ішкі істер министрінің орынбасары.
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің ерекше маңыздылығын атап өтті.
— Білім беру ұйымдарын техникалық жарақтандыру және лицензиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысында елеулі кемшіліктер мен олқылықтар бар. Бұл келесі оқу жылының басталуына дейін түзетілуі керек. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданбаған жағдайда біз оларды жауапқа тартамыз, - деді Алтай Көлгінов.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға оқу басталғанға дейін білім беру ұйымдарын ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған дүрбелең тетігі, турникеттер және бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жұмыстарын аяқтау тапсырылды. Білім министрлігіне Балаларды қорғаудың кешенді жоспары жобасына психологиялық қызметтерді күшейту, олардың штаттық санын және т.б. мәселелерін енгізу тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп елдегі жағдай бойынша білім беру ұйымдарының қауіпсіздік талаптарын сақтауды қадағалау тапсырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық