«Мектептерде улы газ шашып жатыр» деген жалған ақпарат тарады
Telegram-да қолданушылар 2021 жылдың қарашасында балалар жаппай ауыра бастайды деген хабарды талқылап жатыр.
Бұл туралы Orda.kz StopFake.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Хабарламада:
– Мектептер мен балабақшаларға азот оксиді мен бериллий оксиді шашылып жатыр. Балалар қарашада ауыра бастайды. Болжам бойынша, олар осылайша ата-аналарды балаларын коронавирусқа қарсы вакциналауға мәжбүрлейді. Бұл дұрыс емес, - делінген.
Ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
– Бұл хабарлама жалған. Қазіргі уақытта мектептерде КВИ таралуын болдырмау үшін барлық шаралар қолданылды, 379 540 мұғалім мен мектеп қызметкерлері вакциналанды. Бұл барлық орта білім беру қызметкерлерінің 96 пайызы. Оқушылар арасында вирустың тарамауы үшін қажетті алгоритм әзірленді, - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сонымен қатар ол біле тұра жалған ақпарат таратушылар Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жауапқа тартылатынын еске салды. Ол 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл, 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті қарастырады.
Айта кетсек, азот оксидін байқаусыз шашу мүмкін емес. Азот оксиді - бұл қызыл қоңыр, кейде сарғыш, өткір иісті газ. Оны байқамау мүмкін емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық