Мектептерде орыс әдебиетін оқытуды доғару керек – Аятжан Ахметжан
PHD докторы, «QazBilim» жобаларының негізін қалаушы, тіл жанашыры Аятжан Ахметжан сұхбат беріп, білім саласындағы кемшіліктер, тіл мәселесі, мектептегі пәндер туралы пікір білдірді.
Аятжан Ахметжанұлының пікірінше, мектептегі кейбір пәндерді алып тастайтын, кейбір пәндерді алмастыратын уақыт келген.
– Мектепте кейбір пәндерді алып тастайтын уақыт келді. Мысалы, орыс әдебиеті. Неге біз орыс әдебиетін оқуымыз керек. Түркі әдебиеті нашар ма? Байрон Пушкиннен нашар ма? Мұндай көзқараспен қарасақ, Шыңғыс Айтматов Толстойдан жаман ба? Орыс әдебиетін оқуды доғару керек. Оның орнына әлем әдебиетін қазақ тілінде оқыту керек. Пушкинді, Лермонтовті оқыса, Абай арқылы оқысын. Әлемде қанша ұлт бар, бірақ біз теріп алып орыс әдебиетін оқимыз, - деді «QazBilim» жобаларының негізін қалаушы.
Латын қарпінің әліпбиін үш рет жасап, әлі шешімге келмегенін айтқан Аятжан Ахметжан қазақ тілі үшін екінші «қаңтар оқиғасы» болуы мүмкін екенін жеткізді.
– Билік мемлекеттік тілдің жағдайын реттеп бермесе, тіл үшін екінші «қаңтар» болады. Бұл табиғи жағдай. Биылғы қаңтарда өзге тілде ұран болды ма, плакат болды ма? Жоқ, тек қазақ тілінде болды, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық