Мектепте хиджаб киюге тыйым салу дұрыс емес – Нұртас Адамбай
фото: видеодан кадр
Актер, кинопродюсер Нұртас Адамбай еліміздегі мектепте хиджаб киюге тыйым салынғанына қарсы екенін айтты.
Бұл туралы Адамбай Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзінше, хиджаб – оны кигісі келген қыз бен Алланың арасындағы қарым-қатынас, сондықтан оған ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Кинопродюсер хиджабқа тыйым салынғанымен, қысқа етекті белдемше киюге рұқсат етілгеніне қынжылды.
– Алла орамал тағуды әйелдердің құқығын таптау үшін емес, керісінше, оларды қорғау үшін бұйырған. Оранған әйелдер өзін Алланың қамқорлығында жүрміз деп сезінеді.
Мектепте хиджаб киюге тыйым салу дұрыс емес деп санаймын. Өйткені бұл адамның құқығын бұзады. Біздің елде заң бойынша дін ұстану еркіндігі бар. Мектеп оқушысы орамал таққысы келсе, ол оның Алламен қарым-қатынасының өлшемі. Ол араға килігуге болмайды, – деді Адамбай.
Осы ретте актер екі қыз тәрбиелеп отырған имам туралы айтып берді. Оқу орындарында орамал тағуа рұқсат етілмегендіктен, дін қызметкерінің шарасыз күйде отырғанын жеткізді.
– Бір күні имаммен сөйлестім. Оның ислам дініне қатты берілгенін көрдім. Оның екі қызы бар еді. «Мемлекеттік мектептерде хиджаб киюге тыйым салды. Жарайды, жеке мектепке ауыстырдық. Кейін ол жерде де тыйым салды» деді. Ол көзіне жас ала отырып: Менің басқа елге кетуге мүмкіндігім жоқ. Енді мен не істеуім керек? Қызым: «Әке, неге мен орамал таға алмаймын?» деп жылайды.
Қыздың орамал таққаннынан кімге зиян тиеді? Орамал тақпайтын басқа қыз ол үшін өзін жаман сезіне ме? Ол бір қорқынышты маска киіп алып, адамдарды қорқытып жүрген жоқ қой, – деді кинопродюсер.
Осы орайда Адамбай оқу орындарында, қоғамдық жерлерде қысқа етекті белдемше киюге тыйым салынбағанына қынжылды. Оған айналадағы барша еркектердің назары ауатынын, сол арқылы күнәға бататынын түсіндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық