Мектептерде есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында мектеп аумағында есірткі таратқан контрабандашыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді.
Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде есірткі заттарын контрабандалық жеткізумен және оларды Қазақстан аумағына өткізумен айналысқан қызметтің жолы кесілді.
«Есірткі заттары халықаралық арналар арқылы жақын шет елдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізілген. Шағын мөлшерде өлшеп оралған есірткі заттары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының саябақтарының, мектептерінің, ауруханаларының, мектепке дейінгі мекемелердің аумағында «жер астындағы зат» түрінде таратылды» деп хабарлады қаржылық мониторинг агентігі.
Күдіктілер тыйым салынған заттардың сатылымын анонимді Telegram-каналдар арқылы жүргізіп, Qiwi-кошелек электронды төлемдер арқылы ақша алып отырған.
«Негізгі сатып алушылар Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары» деп атап өтті ведомствода.
Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды.
«Ұсталғандардың тұратын жерлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі зат - мефедрон, марихуана, буып-түю материалдары, таразы табылды. Тәркіленген есірткі 7 келіден астам марихуана мен мефедрон» деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Бес күдіктіге ҚР ҚК-нің 286-бабының 2-бөлігі (айналыстан шығарылған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және 297-бабының 3-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандар екі айға тергеу изоляторына қамалды, тиісті органдар тергеу жүргізуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық