Мектептер сапасыз ноутбуктар сатып алды деген күдікке ілінді
Қарағанды облысының білім басқармасы мен мердігер компаниялардың лауазымды тұлғалары мектептерде қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушыларға сапасыз ноутбук сатып алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Orda.kz.
Қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлама әлеуметтік желілерде белсенді түрде таратылуда. Іс Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі «жымқыру» бойынша жүргізіліп жатыр. 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қарағанды облысының білім басқармасының бастығы, «KazInterService-Astana» ЖШС директоры, «Логиком» ЖШС директоры мектептерге 2 500 дана компьютерлік техника және 19 000 ноутбук сатып алды.
Бұл компьютерлер мен ноутбуктер, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеді.
Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме беруден бас тартты.
Қарағанды облысының білім бөлімі былай деп жауап берді:
– Сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша 2020 жылы білім беру ұйымдарын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында білім бөлімі 28 058 дана компьютерлік техниканы (компьютерлер - 2 920, ноутбуктер - 21 355, планшеттер - 3 783) сатып алғанын хабарлаймыз. Барлық компьютерлік жабдықтар жасалған шарттардың техникалық шарттарына сәйкес келеді. Компьютерлік техниканы сатып алу мен қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін білім бөлімінің №245 бұйрығымен 13 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына компьютерлік технологиялар мамандары кірді, - деп хабарлады білім басқармасының баспасөз қызметі.
Олар тәуелсіз сараптама жүргізіліп, нәтижесінде компьютерлік техниканың техникалық сипаттаманың барлық талаптарына сәйкестігін анықтады дейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық