Мектептер ашылса — форма тапшылығы болмай ма?
Жаңа оқу жылына бір ай уақыт қалды. Қоймаларда мектеп формасының 500 мың комплекті сақтаулы тұр.
Алайда Білім және ғылым министрлігі биыл мектептер қандай форматта жұмыс істейтінін әлі нақтыламады. Шешімді республиканың бас санитар дәрігері қабылдауы тиіс.
Бұл туралы Orda.kz 31-арнаға сілтеме жасап хабарлады.
Пандемия басталып, оқушылардың қашықтан білім алуы мектеп формасын тігетін кәсіпорындарды шығынға батыруда. Қазақстанда мектеп формасын тігумен айналысатын 50 фабрика 9 миллиард теңге шығынға батып, 5 мың жұмысшыны қысқартуға мәжбүр болған
— Жеңіл өнеркәсіпті пандемия кезінде зардап шеккен салалардың қатарына қосу керек деп былтырдан бері Ұлттық экономика, Индустрия министрлігі, тіпті Сенатқа дейін жеткізіп келеміз. Бұл тізімге кеңес беретін орталықтар да ілігіпті. Біз ресейдегідей барлық салық түрін алып тастасын демейміз, тым құрығанда кейінге шегеруді сұраймыз, – дейді ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова.
Қазір кәсіпорын иелерінің көбі басқа киім-кешек түрлерін тігуге көшкен. Форма қажет болған жағдайда қоймада сақталған 500 мың комплект бар екені белгілі болды. Кәсіпкерлер биыл тауар бағасы қымбаттай қоймағанымен, келесі жылы 20 пайызға өсетінін айтты. Себебі, әлем нарығында матаның бағасы 30 пайызға көтеріліп кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық