Мектепте туберкулез шықса да, оқушылар қашықтан оқуға жіберілмей жатыр
Фото: Orda.kz
Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданына қарасты Доскей ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің ата-аналары дабыл қақты. Oқушылардың бірінен туберкулез анықталғанына қарамастан, оқу процесі қалыпты режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жайлы «Вечерняя Караганда» газеті хабарлады. Ата-аналардың айтуынша, мектеп әкімшілігі байланысқа шықпайды, ал жергілікті билік жағдайға қатысты түсініктеме бермеген. Тек мессенджер арқылы жіберілген хабарламада жағдай бақылауда екені айтылған. Алайда сол хабарламада аудандағы басқа мектептерде де осындай жағдайлардың тіркелгені жазылған.
Балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналар оқушыларды уақытша қашықтан оқытуға көшіріп, мәселенің анық-қанығы белгілі болғанша сақтық шараларын күшейтуді талап етіп жатыр.
Дегенмен әзірге мектепті жабу немесе онлайн оқытуға көшіру туралы ресми шешім қабылданған жоқ.
Денсаулық сақтау басқармасы қашықтан оқытудың қажеті жоқ екенін, оқитын орындарда дезинфекция жүргізілгенін мәлімдеді.
«Алдын алу тексерісі барысында бұған дейін туберкулезбен есепте тұрған науқастан аталған аурудың қайта өршуі анықталды. Бұл жағдай жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін, себебі осы кезеңде гормоналды өзгерістер орын алып, иммунитет төмендейді.
Қазіргі уақытта пациент ауруханада қажетті ем қабылдап жатыр. Оқитын орнында қорытынды дезинфекция жүргізілді. Барлық байланыста болған адамдар тексерілді, жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ. Оқушылардың ата-аналарымен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау және инфекциядан қорғану шаралары бойынша нұсқаулық өткізілді. Қашықтан оқытуға қажеттілік жоқ», — деді денсаулық сақтау басқармасы.
Жаңалықтар
- Shubat Fest: Маңғыстауда шұбат пен түйе сүтінен жасалған өнімдер фестивалі өтеді
- Ғалымдар АИТВ-ның алдын алуға арналған жаңа препарат әзірледі
- Енді шенеуніктермен әңгімеңіз жазылады: Азаматтарды қабылдау тәртібі өзгереді
- Жалға пәтер беремін деп 20 адамды тақырға отырғызған алаяқ ұсталды
- «Адвокат» әкімнің аузын айға қаратып кетті
- Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіретіні туралы ақпарат рас па?
- Ақмола облысында бір тәулікте 230 гектардан астам дала өртенді
- Билік теракт деп атады: Мәскеудегі жарылыстан үш адам қаза тапты
- Семейдегі жаппай тексеру түрмеден адам қашқанына қатысты ма?
- АҚШ 50 елдің азаматтарына 20 мың долларға дейін визалық кепілдік енгізеді
- Ағайынды алты егіз мерзімді әскери қызметін бірге өткеріп жүр
- TikTok-тағы алаяқ «ҰҚК майорына» Петропавлда үкім шықты
- Түркияға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық Грекияда 125 жылға сотталды
- Қазақстан Конституциясы мен домбыра Памир шыңына көтерілді
- «Қарасора – 2026»: Есірткі тасушы «жұмысын бастаған» әйелден 113 түйіншек табылды
- UIM F1H2O әлем чемпионаты: Орталық Азия мемлекеттері президенттері қатысты
- Әлемдік жанжал: ФИФА коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға сатпайтын болды
- Президент Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен тұрғындарды құттықтады
- Энергетика министрлігі: КҚК мен жүк жөнелтушілер арасында тұрақты байланыс орнатылды
- Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті