Мектепте намаз оқыған бала. Ғани Бейсембаев не дейді?
Фото: Ашық дереккөзден
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп секілді мекемеде намаз оқыған оқушыларға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Үкімет отырысынан кейін журналистер «Қателеспесем Шымкент қаласы әкімінің орынбасары (Сәрсен Құранбек – ред.) «Құрметті имамдар, сіздерден өтінемін, әлі буыны қатпаған жас баланы мешітке шақырмаңыздаршы» деп айтып еді. Жалпы осындай тенденция қалыптасқанын байқаймыз. Оқу-ағарту министрі балаларды ағартуға емес, қарайтуға жұмыс істеп жатқан жоқ па? Оқушылардың мешітке баруы неге көбейіп кетті?» деп сұрақ қойған болатын.
Бұған жауап ретінде министріміз былай деді.
«Жалпы оқу-ағарту министрлігінің негізгі басты мақсаты біздің балаларымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру екенін мен үнемі айтып жүрмін. Сондықтан да барлық жұмыс тиісінше жүріп жатыр. Біз балаларымыздың осы бағыттағы мәселесін шешу бойынша іс-шаралар қабылдап жатырмыз. Ал енді жекелеген өңірлердегі кейбір мәселелер бүкіл оқу-ағарту саласындағы балаларды қарайтуға бағытталып жатыр деп айтуға болмайды. Біз кез келген мәселені шыққан жерінде анықтап, бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіп отырамыз. Қазір өзіңіз білесіз, 1 қыркүйектен бастап біртұтас тәрбие бағдарламасы қабылданды. Балалардың тұлға болып қалыптасуына бағытталған үлкен іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондықтан бұл жерде тиісінше балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасап жатырмыз», – деді министр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық