Мектепке жаңадан келген оқушының ата-анасы мұғалімді негізсіз жұмыстан шығартып жіберген
Фото: freepik.com
Алматыдағы мектеп-лицейлердің бірінде ата-аналар мұғалімді жұмыстан шығуға мәжбүрлеген. Stan.kz тілшісіне бір ата-ананың педагогті жұмыстан шығуға итермелегені айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Наурызбай ауданындағы №207 мектеп-лицейінде 3-сынып оқушыларының ата-аналары сынып жетекшісінің жұмыстан шығып кеткеніне наразы болып отыр.
Негізі сыныпта 35 оқушы болған. Бірақ бір оқушы қыркүйекте жаңадан келген.
«Келгелі мұғалімге тыным жоқ. Директорға апайдың үстінен шағым түсірген. Болмаған соң директор ата-аналар жиналысын жасады. Бірақ педагогтің үстінен арыз жазған ата-ана жиналысқа келмеді. Мұғаліміміздің 35 жылдық тәжірибесі бар. Келесі жылы зейнетке шыққалы отыр. Тәжірибелі мұғалім болғандықтан ол кісіні қайтарғымыз келеді. Біз де шағым түсірген ата-анамен өзіміз сөйлескіміз келді. Бірақ ол кездесіп, сөйлесуден бас тартты. Оның мақсаты – апайды жұмыстан шығару. Мұның барлығы бір айдың ішінде болып отыр. Балаларымыз мұғалімнің өз еркімен жұмыстан шығып кеткенін айтты. Айтуынша, мұғаліміміз жылап кетіпті», – дейді ата-ананың бірі.
Ата-ананың айтуынша, мектеп директоры шағым түсірген анамен сөйлесіп, баласын басқа мектепке ауыстыруын ұсынған. Алайда ол басқа мектепке ауысудан бас тартқан. Бірақ жаңадан келген оқушы мен оның ата-анасына мектептегілер наразы.
«Ол әйел үйде отырып алып бәрін бүлдіреді, мұғалімді жылатып, кешірім сұратады. Ол кісімен оқу ісінің меңгерушісі сөйлескен. Сонда «Мазамды алмаңыздар. Айтарымды айттым. Қолдарыңыздан не келеді, жасайтындарыңызды жасаңыздар» деп айғайлап жауап берді», - дейді ашынған ата-ана.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт