Мектеп қабырғасында ән айтқан оқушы көпшілікті таңқалдырды

cover

TikTok әлеуметтік желісінде «Ұстазым» әнін шырқаған алматылық оқушының бейнежазбасы қызу талқыға түсті.

Алматыда мектептердің біріндегі іс-шарада бастауыш сынып оқушысы күтпеген жерден әнге қосылып, айналасындағы балалар мен ересектердің назарын аударды.

Әлеуметтік желіде пікір жазған көпшілік оқушыны қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен салыстырды. Сондай-ақ оқуышының дауысы сирек кездесетіні туралы пікірлер жазылды.

Айта кетейік, бейнеролик екі миллионға жуық қаралым жинап, бес мыңнан астам адам пікір жазған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар