Мектеп оқушыларының ChatGPT қолдануына тыйым салынуы мүмкін
Фото: freepik.com
Депутаттар мектеп оқушыларының ChatGPT қолдануына шектеу енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутат Дәулет Мұқаевтың айтуынша, оқушылар үй тапсырмасын жасанды интеллект көмегімен орындауға көшкен. Соның әсерінен жастар еңбек нарығына араласып, жұмыс істей алмайтын көрінеді.
«Менің ойымша, мектеп жасындағы оқушыларға қандай да бір шектеулер қойылу керек секілді. Егер бұл шектеу қойылмаса ертеңгүні сол оқушыларымыз студент болады. Еңбек нарығына араласқан кезде соның зардабын біз 20 жылдан кейін көретін боламыз. Бұл да біздің ел үшін келе жатқан үлкен бір қауіптің бірі», - деді ол.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов оқушылар ChatGPT-дің көмегіне әбден жүгініп алғанын, сондықтан өздері ойланбайтынын айтқан еді.
«Бүгінде ChatGPT танымал болып келеді, ол мектеп бағдарламасын, жаттығуларды шешуге, романдардың қысқаша мазмұнын жазып беруге қауқарлы. Бұл тәсіл сыни тұрғыдан ойлау қабілетін төмендетеді, алған білімге теріс әсер етеді, салдарынан маңызды шешімдерді өз бетінше қабылдау қиындайды. Бұл қарқынмен еліміз зияткерлік әлеуетін жоғалтады. Тез әрекет ете алмайтын, өмірдегі күрделі міндеттерді шеше алмайтын ұрпақ тәрбиелейміз», - деді депутат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық