Мектеп-интернат директоры мүгедек қызды жеті жыл бойы зорлап келген
Шымкенттегі №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жоспардан тыс тексеруге жергілікті тұрғын Әлия Мамутованың мүгедек қызын интернатта жеті жыл бойы зорлап келгендігі туралы мәлімдемесі себеп болды. Тексеру нәтижелері орталық шенеуніктері тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетеді.
«Кейбір қызмет алушылардың жеке жұмыс жоспарлары оңалтудың жеке бағдарламасын ескермей жасалды. Қызмет алушыларға жұмсақ тауарлық-материалдық құндылықтар және киім-кешек толық берілмейді. Қызмет алушылардың киімдеріне этикетка ілінбеген. Асханаға бақылау жүргізу кезінде де заң бұзушылықтар анықталды», - делінген хабарламада.
Жалпы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен жүргізілген тексерулерден кейін балаларға арналған 20 медициналық-әлеуметтік мекеменің басшыларына қатысты жазалау шаралары қолданылды. Нұр-Сұлтан мен Шығыс Қазақстан облысындағы қарттар үйінің төрт басшысы қызметінен босатылды. Айыппұлдар Шымкент қаласының №6 орталығы мен Солтүстік Қазақстан облысының «Арман» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорларына қатысты қолданылды.
Атырау, Жамбыл, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы төрт орталық директорларына қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Алматы және Маңғыстау облыстарының орталықтарында бірінші басшыларды ротациялау ұсынылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық