Мектеп директорларының жалақысы жыл сайын 25%-ға артады
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының жалақыларына қатысты түсініктеме берді.
Оның айтуынша, бір ауданда орналасқан екі мектеп, бірдей бағдарлама бойынша жұмыс істейтін, бюджеті, мүмкіндіктері мен инфрақұрылымы да бірдей болса да, екеуі екі түрлі нәтиже көрсетеді.
Мұндай айырмашылықтың болуы – мектеп директорына тікелей қатысты. Себебі, мықты директор ұйымшыл ұжым қалыптастырып, үздік көрсеткішке жеткізеді.
– Мұндай директор жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-аналар, оқушылар және білім беру құрылымдарымен ашық жұмыс істейді. Сонымен бірге қызметкерлерді жігерлендіріп, тек жетекші ғана емес, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы да бола біледі.
Бүгінгі таңда біз кадр мәселесіне тап болып отырмыз. Директор немесе оқу ісінің меңгерушісіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, аталған лауазымдарда жұмыс істеуге ниетті мықты қызметкерлердің қатары сиреп барады, - деп жазды министр.
Неге мұғалімдер директор болуға ұмтылмайды?
Аймағамбетов неге мұғалімдер директор болуға ұмтылмайтындарын бірнеше себеппен түсіндірді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша біз мектеп басшылығы лауазымына тағайындау тәртібі, біліктілікті арттыру жүйесі, еңбекақы төлеу және мектеп директорларын аттестаттау рәсімін қайта қарап жатырмыз. Сондай-ақ ротациялаудың жаңа институты енгізіліп жатыр, - деді Аймағамбетов.
Аттестаттау бойынша:
Алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына аттестаттау және біліктілік санатын беру жүйесі енгізіліп жатыр. Аттестаттау үш жылда бір рет өткізіліп, екі кезеңнен тұрады.
- Бірінші кезеңде заңнама бойынша білімін тексеруге арналған және басқарушылық құзыреттері бойынша тест тапсырады.
- Екінші кезеңде білім беру ұйымдарының басшылары белгілі бір уақыттағы атқарған жұмысының тиімділігі бағаланады. Оқу меңгерушілері үшін аттестаттау тестілеусіз тек бір кезеңнен тұратынын атап өткім келеді.
Аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия атқаратын лауазымына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы және үш санаттың біреуін беру туралы шешім қабылдайды. Жақсы көрсеткішке жеткен директордың санаты көтеріледі, болмаған жағдайда ол қызметінен кетеді.
– Берілген санатқа байланысты директор немесе оқу ісінің меңгерушісі санат үшін лауазымдық жалақыдан 30%, 70%, 100% мөлшерінде қосымша ақы алатын болады.
Сонымен қатар мектеп директоры мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақысы жыл сайын 25%-ға артады.
Бұл шаралардың барлығы мектеп басшылығының жалақысын мұғалімдердің орташа жалақысы деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді, - деп жазды министр.
Тағы қандай шара қабылданады?
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, бұл шаралар директор лауазымына мықты мамандарды тартуға жеткіліксіз.
– Басшыларға еңбекақы төлеу жүйесінде бұрын-соңды ынталандырушы факторлар болған жоқ. Көшбасшының жалақысы оның тиімді немесе тиімсіз болуына байланыссыз бірдей болатын. Сонымен қатар мектепте 80 бала оқитын білім ордасының директоры мен 1200 бала білім алатын мектеп директоры бірдей жалақы алады.
Қазір біз аттестаттауды және жұмыс тиімділігі үшін қосымша ақы төлеу жүйесін енгізіп жатырмыз. Сондай-ақ мектептің жобалық қуаттылығына байланысты лауазымдық жалақыны дифференциялауды енгізу жоспарда бар.
Сондықтан алдағы уақытта да біз мектептерді ең мықты педагогтердің басқаруы үшін шаралар ұсынатын боламыз, - дейді Білім министрі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық