Мектеп директоры екі қызын аяусыз ұрып, тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген
Фото: freepik.com
Өзбекстандағы мектептердің бірінде мектеп директоры өз қыздарының тағдырына балта шапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Nemolchi.uz редакциясына екі кәмелетке толмаған қыз хабарласқан. Жизақ қаласындағы №18 мектептің директоры Хасанова Шахноза қыздарына бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсетіп, құқықтарын таптаған екен.
«Мен Ташкентте 3 жыл тұрдым. Онда оқып жүріп жұмыс істедім. 2024 жылдың 31 қазанында анам мені үйге қамап, ұрып-соғып, өзім келіспейтін жігітке күштеп күйеуге бермекші болды. Ол мені бір апта бойы ұрып-соғып тұрмысқа шығуға көндірді. Ол жігіт 6 қарашада менің қыздығымды тексеру үшін екі гинекологқа апарды. Олар менің пәк екенімді растады. Ол жерден шыққаннан кейін жігіт мешітке алып барды. Бірақ имамдар заңды некеге тұрмай жатып, діни жолмен неке қимайтындарын айтты. Кейін мен үйге қайттым. Бірақ анам жігітпен кетпегенім үшін ұрып-соқты. Мен 102-ге хабарласып, құқығымды қорғағым келді», - дейді қыздардың бірі.
Анасынан қорлық көрген ол полицияның ешқандай іс жүргізбегенін айтады. Қыз анасы мектеп директоры болмай тұрып та лауазымды қызметтерде істегені үшін оған ешкім қарсы шыға алмайтынын жасырмады. Қыздың анасы оның телефонын, тіпті өзі жұмыс істеп тапқан ақшасына дейін алып қояды екен.
Енді екі қыз құзырлы органдардан көмек сұрайды. Олар оқып, жұмыс істегілері келетінін айтты.
⠀
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық