Мектеп директорлары жалақыларында қандай өзгеріс болады?
Фото: Almaty.tv
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп директорларының жүктемесіне қарай олардың жалақыларының деңгейін қайта қарауды дұрыс деп санайды. Сонымен қатар мұғалімдерді мектепке қабылдау ережесін өзгерту керек.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Қазіргі таңда мектеп басшыларына еңбекақы төлеу мәселесі өткір болып тұр. Айлық жалақының қазіргі деңгейінде бәсекеге қабілетті директорлар көшбасшы болып жұмыс істеуге және үздік мұғалімдер директор не завуч болуға қызығушылық танытпайды, - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, директорлардың жалақысы мұғалімдерге қарағанда төмен болған жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан, Білім министрлігі мектеп директорларына еңбекақы төлеу жүйесіне түзетулер енгізуді жоспарлап отыр.
– Менің айтайын дегенім, біз 40 оқушысы бар директорға және 1200-2000 оқушысы бар директорға бірдей жалақы төлейтін болсақ. Әлбетте, мұнда жүктеме мен жауапкершілік дәрежесі әр түрлі. Біз бұл туралы айттық және министрлік тиісті шешім дайындап жатыр, - деп қосты министр.
Сонымен қатар, 2022 жылдың қаңтарынан бастап балабақша, мектеп және колледж мұғалімдерінің жалақысы 25%-ға өседі. Бұл ретте Аймағамбетов мұғалімдерді іріктеуді өзгерту туралы жаңа бұйрыққа қол қойып үлгерді.
– Егер бұрын мұғалімдерді жұмысқа директор қабылдаса, енді ол электронды форматтағы конкурс арқылы жүзеге асатын болады. Өлшеуге болатын анық көрсеткіштер, критерийлер бар және осы көрсеткіштер мен критерийлер бойынша мектеп пен комиссия мұғалімдерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайды, - деді Білім министрлігінің басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық