Мектеп аумағынан мұнай табылды
Фото: Atyrau online
Атырауда Бесікті ауылында мектеп-интернат әкімшілігі аумағынан мұнай табылды.
Бесікті ауылында мектеп-интернат әкімшілігі қара, майлы затты былтыр байқаған. Сұйықтық одан да көп бола бастағандықтан, экология департаментіне жүгінді. Ол жер астынан мол шыға бастады.
«Алғашында ол аз болған, сондықтан біз оны құммен жауып тастадық. Бірақ биыл топырақтан сұйықтық көбейе бастады», – дейді мектеп директоры.
Экологтар бұл затты тазарту жұмыстарын жүргізу үшін әкімдікке хат жолдаған.
«Тексеру қорытындысы бойынша қалалық полиция бөліміне мұнай тектес сұйықтықтың қайдан келгенін анықтау және кінәлілерге шара қолдану туралы хаттар жолданды», – деп хабарлады табиғатты қорғау басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге салар болсақ, Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің жағасынан мұнай қалдықтарының үйіндісі табылған болатын.
Жаңалықтар
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады