Мейрамханалар ауызашар бағасын шарықтатып отыр – мүфтият
Фото: Envato
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) еліміздегі мейрамхана, кафе иелерін қасиетті Рамазан айында халыққа қолжетімді бағамен ауызашар ұйымдастыруға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дінбасылардың айтуынша, соңғы жылдары ауызашар мәзірінің бағасы шарықтап, қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып барады.
«Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.
Діни басқарма қасиетті айда дастарқан жайып, ауыз бекіткен жандарға ас беру – үлкен сауап екенін атап өтті. Алайда соңғы жылдары елімізде бірқатар мейрамханалар ауызашар мәзірінің бағасын тым жоғары қойып, халықтың наразылығын тудырып отыр.
«Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс. Қасиетті Құранда: «... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» делінген («Ағраф» сүресі, 31-аят)», деп еске салды ҚМДБ өкілдері.
Дін мамандары ауызашар дастарқаны қарапайым болуы тиіс екенін айтып, кәсіпкерлерді көпшіліктің қалтасына сай қолжетімді мәзірлер ұсынуға шақырды. Сондай-ақ мұсылман жамағатын жетім-жесірлер мен мұқтаж жандарға ауызашар ұйымдастырып, қайырымдылық жасауға үндеді.
ҚМДБ қасиетті Рамазан айының берекесі саудамен емес, шынайы сауаппен келетінін еске салып, халықты рухани тазаруға шақырды.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды