Мейіржан Төребаевтың адвокаты шұғыл мәлімдеме жасады
Қамаудағы Мейіржан Төребаевтың мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Оразбақова блогерді түрмеге тыққысы келгендердің барлығына жауап берді.
Адвокат Жанна Оразбақова әлеуметтік желідегі жазбасында Мейіржан Төребаевтың қаржы пирамидасына жарнама жасағаны үшін емес, оны құрғаны үшін соттағалы жатқанын жазды.
- Ол жарнамалады ғой — Мейіржанның қанын талап етушілердің басты дәлелі осы. Иә, ол жарнама жасағанымен, сол кезде, яғни 2020 жылдың күзінде «Астекстің» де, «Мударабтың» да дәуірі жүріп тұрған, жүздеген салымшылары болды. Бірақ Мейіржанды енді жарнамасы үшін емес, қаржы пирамидасын құрғаны үшін соттағалы жатыр. Бірақ ол құрушы немесе жетекші емес, қонақ актер болғаны бәріне анық, - деді Жанна Оразбақова.
Адвокаттың айтуынша, біздің елде жарнама ролигі жоқ жүздеген пирамида бар. Олардың барлығы 5 мыңнан астам азаматты алдаған көрінеді.
- Осы «пирамидаға» жұрттың өзі туыстарын, достарын сүйреп апарған. Достарын әкелгені үшін тіпті біреуі сотталды деп ойлайсыз ба? Жоқ! Сонда Мейіржанның олардан қандай айырмашылығы бар? - дейді адвокат.
Оның айтуынша, егер адамдар Мейіржанды жазалағысы келсе, оны ҚР ӘҚБтК-нің 150-бабы «қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін жарнамалау» бойынша соттау керек. Яғни, блогерге айыппұл салынуы керек, деп есептейді қорғаушы.
- Тағы да қайталаймыз: енді Мейіржан сотталғалы жатыр, оны таза 10 жыл күтіп тұр. Жарнама үшін емес, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында «пирамида» құрғаны үшін. Бірақ ол компания Мейіржанға дейін құрылып, жақсы жұмыс істеп тұрғаны белгілі ғой, - деп қорытындылады адвокат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық