Мейіржан Төребаев қамауға заңсыз алынды - Абзал Құспан
Белгілі заңгер Абзал Құспан қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен қамауға алынған вайнер Мейіржан Төребаевтың ісіне қатысты пікір білдірді. Ол Төребаевты қамауға алу туралы санкцияның заңсыз екенін мәлімдеді.
«Вайнер Мейіржанның мен адвокаты да, туысы да, танысы да емеспін. Ортақ та таныстарымыз жоқ екен. Оған қатысты қамауға алу санкциясын заңсыз деуіме себеп, оның жеке басында емес, қолданыстағы заңнама ерекшелігінде болып отыр.
Мейіржанның іс-әрекеті жарнамамен шектелген, болды. Басқару немесе құру жұмысына қатысы жоқ. Біреулер ЖШС-ның құрылтайшылығы мен қатысуды шатастыруда. Құрылтайшы - учредитель, қатысушы - участник, екеуі мүлдем екі бөлек ұғым.
Алматы полиция департаменті, сасқан үйрек артымен сүңгидінің керімен, сайқымазақ-вайнерді ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі (ОПГ) қылып, қамады (осы кезде шын бандиттер үшін айдаладағы мен ұялып кеттім)» деп жазды адвокат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, қаржылық пирамиданың құрбаны болдым деген әйел көшеде өзін өртеп жіберген. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырып, артынша вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды.
«Оған қатысты істе қоғам үшін ең сорақы жері сол - енді кез-келген адам өзін өртеп немесе өртеймін деп қорқыту арқылы өз дегеніне жете алатын болды!
Алматы ПД осындай практика қалыптастырғысы бар бізге! Ал жарнама мәселесіне келсек, 1997 жылғы кодексте «жалған жарнама» үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген болатын. 2014 жылғы кодексте ол белгісіз себептермен алынып тасталған.
Қазіргі таңда өз басым Парламентаризм Институтының бастамасымен 217-баптың (қаржы пирамидасын құру, басқару) санкциясын ауырлату және 217-1 бапты (қаржы пирамидасын жарнамалау) енгізу жөніндегі жұмыс тобындамын» деді Абзал Құспан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық