Мейірбектің анасы: Ұлымды өлтірген экс-әкімдік қызметкері бостандықта жүр
23 қараша күні Тараз қаласында жол көлік апаты орын алып, 18 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болған. Жас жігіт тізгіндеген Nexia автокөлігінің артқы жағынан соққан 28 жастағы бұрынғы әкімдік қызметкері оқиға орнынан қашып кеткен. Orda.kz редакциясына хабарласқан марқұмның анасы күдіктінің бостандыққа шыққанын хабарлады.
Тараз қаласы әкімдігі аппараты «Медиаорталық» КММ экс-директоры Жанайдар Жолдасов оқиға орнынан кетіп қалғаннан кейін іздеу жарияланып, 25 қараша күні ұсталды. Кейін одан полиция қызметкерлері түсініктеме алып, қайтадан жібере салған. Сонымен қатар, оның үстінен басқа іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқан.
Президент Тоқаевтың атына Мейірбектің анасы Гаухар бүгін біздің редакция арқылы тағы да үндеу жасады. Өйткені, күдікті деп танылған Жанайдар Жолдасовты судья Садырқұлов рақымшылық заңын негіз етіп босатып жіберген. Мейірбектің анасы ұлының өліміне тікелей қатысы бар күдіктінің рақымшылық заңына ілігенін түсіне алмай дал болғанын айтады.
МЕЙІРБЕК УАЛИХАНҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТКЕ ҮНДЕУІ:
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа үндеу!
23 қараша 2021 жылы таңғы сағат 06.00 шамасында, менің ұлым Мейірбек Уалиханов Сейфуллин мен Әл - Фараби көшесінің қиылысында бағдаршамда Сейфуллин көшесінің оң жақ шеткі жолағында бұзылып тұрған көлігінің оң жақ дөңгелегін жендеп жатқанда, Ж.Жолдасов «BMW X5» автокөлiгiн басқарып келе жатып, өзінің іс - әрекетімен қоғамға қауіп төндіретінін, жол жүрісі қатысушыларының өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін назарға алмай, жол қозғалысы ережелерi мен қағидасын өрескел бұзып, ұлымның автокөлігінің артынан соғып, ұлым М.Уалихановты қағып, оған ауыр зардап келтіргеніне қарамастан, алғашқы көмек көрсетпей , оқиға орнынан қашып, ізін суытты. Жол көлік оқиғасы салдарынан өрiмдей жас балам, небәрі 18 жасында қайтыс болды . Ұлымның алар асулары, арман - мақсаттары алда еді. Ж.Жолдасов 2-3 күн полиция қызметкерлерiнен қашып жүрді .
Сiзге видеоүндеу жариялағаннан кейін, Ж. Жолдасов ұсталып, қылмыстық іс қозғалып, тергеу абақтысына екі айға камалды. Өкінішке қарай, Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Н.Н.Садырқұлов 24.01.2022 жылы тергеу абақтысынан Ж.Жолдасовты сіз шығарған ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңының 3 бабы 1, 3 бөліктерін басшылыққа алып, менің адвокатыма ескертпей, сот отырысына қатыстырмай, тергеу абақтысынан босатып жіберген.
Ж.Жолдасовты 27.01.2022 жылы кешкі 20.30 шамасында полиция басқармасында көрiп калып жүрегім ауырып, қан қысымым көтерiлiп, абдырап, жылап , полиция бөлімшесінен шығып кеттім. Қандай да бір құжаттармен танысуға шамам да, мүмкіндігім де болмады.
Неге менің ұлымды көлікпен қағып, көмек көрсетпей қашып кеткен, қара жамылып отырған біздің әулетімізге, біздің отбасымызға келіп кешiрiм алмаған адам бостандықта жүр? Судья Н.Н.Садырқұловтың сот отырысына мені, менің адвокатымның қатысуын қаламағаны ма? Заңды осылай бұзғаны ма? Адам өмірін қиып, ата - анасынан ұлын, жақындарынан бауырын айырған, оқиға орнынан қашып кеткен Ж.Жолдасовтың құқығы, біздің Констиуциялық құқығымыздан жоғары болғаны ма? Ұлымды қағып , менің отбасымнан кешірім алмаған адам қалай қылмыстық жауапкершіліктен босатылады? Қалай босандықта жүреді? Рақымшылық заңы кімдер үшін шығарылған? Осылай зар илеп, күніге қабірге барып, жақындарынан айрылған отбасыларына бұл заңнан не қайыр? Ата - анасына бұл рақымшылық заң ұлды қайтара ала ма? Адам қағып , қылмыстық жауапкершілікке тартылмай, емін - еркін осындай адамдар калай жер басып жүреді екен? Күдiктi Ж.Жолдасовтын жол қозғалысы қағидасын өрескел бұзғаны, жасаған Қылмысы үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмай ма?
Құрметті Президент!!!
Адам өмірін қиып, бізден кешірім алмаған Ж.Жолдасовқа рақымшылық заңын қолданбай , қылмыстық жауапкершілікке тартуыңызды сұраймын!
Не болды?
23 қараша күні Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында таңғы сағат 06:30 шамасында Сейфуллин-Әл-Фараби көшелерінің қиылысында ЖКО орын алды. Оқиға орнында қайтыс болған Мейірбек Уалиханұлы жақында ғана 18 жасқа толған. Колледж студенті. Ол кешкі уақытта Nexia автокөлігімен такси жүргізушісі болып қызмет еткен.
23 қарашаның кешінде көлігінің дөңгелегі жарылып жол ортасында тоқтауға мәжбүр болып, апат кезіндегі қолданылатын белгілерді жол үстіне қойған. Қосымша дөңгелекті алу үшін көліктің жүксалғышын ашып тұрғанда арт жағынан BMW автокөлігі келіп соққан. Nexia көлігі оң жаққа, Мейірбектің өзі сол жақ бетке ұшып кеткен.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық