Медициналық мекемеде өрт шықты: қаза тапқандар бар
Фото: Видеодан кадр
Кеше, 11 ақпан күні түнде Бішкектегі кардиохирургия ғылыми-зерттеу институты өртке оранды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, өрт сөндіру қызметіне өрт туралы хабарлама сағат 21:00 шамасында келіп түскен. Тұрғындардың айтуынша, әуелі ғимараттың төртінші қабатында түтін байқалған екен. Ол жердегі пациенттер эвакуацияланды және басқа медициналық мекемелерге жіберілді.
Мәліметтерге сүйенсек, орталықтың стационары 320 төсекке есептелген. Алайда өрт кезінде медициналық мекемедегі науқастардың нақты саны белгісіз болған. Кейін ТЖМ өрт кезінде екі адамның қаза тапқанын хабарлады. Ал өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 260 адамды құтқарғанын айтты.
Өрт түн ортасына қарай толығымен сөндірілгені анықталды. Өрттің себептерін анықтау үшін министрлер кабинетінің басшысы Әділбек Қасымалиев ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды. Сонымен қатар ол орталықтың қызметін тезірек қалпына келтіру және пациенттер мен медициналық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық