Медеудегі өрттің шығуына қасақана қойылған от себеп болған
Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Хабар 24» телеарнасының эфирінде Іле-Алатау ұлттық саябағындағы өртке қасақана өрт қою себеп болғанын айтты.
«Екі жас адам көзге түскен. Олар оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір бұл адамдарды полициямен іздеп жатырмыз. Тиісті тапсырма берілді», - деді әкім.
Түнде таулы аймақта айтарлықтай жел соқты. Сондықтан өрт бірден 8 мың шаршы метр аумақты шарпыды.
Өртті сөндіруге дереу қалалық өртке қарсы қызметі келді. Олармен бірге Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері өрт сөндіруге қатысты. Биік құрғақ шөп пен өлі ағаш еңістегі адамдар қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді, артынша қайғылы оқиға орын алды. Құлаған ағаш өрт сөндіру қызметінің жас сержанты Арслан Құрманбековтің өмірін қиды.
Медеу ауданының әкімі қаза болған өрт сөндірушінің отбасына материалдық көмек көрсетілетінін айтты.
«Оның үстінде жанып жатқан ағаш құлап, нәтижесінде адам қайтыс болды. Отбасы мен жақындарына материалдық және басқа да көмектер көрсетіледі. Ер адамның өліміне байланысты кеше түнде жұмыс тоқтатылып, таңертең қайта басталды», - деді Оразалин.
Тағы бір өрт сөндіруші аға сержант Ерік Оқасов түнде қолынан жарақат алды.
Қазіргі уақытта өрт аумағы үш мың шаршы метрге дейін қысқартылды. «Қазавиақұтқару» әуе компаниясының авиациясы елеулі көмек көрсетті. Ми-171 тікұшағының су төгетін құрылғысы бар экипажы күні бойы жұмыс істеп, жанып жатқан беткейге бірнеше ондаған тонна су төкті. Өртті сөндіруге барлығы жүзден астам өрт сөндіруші мен ұлттық парктің қызметкерлері қатысуда.
Дегенмен, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Владимир Кравцов атап өткендей, өрт жағдайы өте қиын.
«Өртті сөндіру желдің үнемі құбылып тұруына байланысты қиындық тудыруда. Екіншіден, таудың еңісі шамамен 70 градус бұрыш болады, яғни қозғалыс өте шектеулі, сонымен қатар көптеген өрт ошақтары бар. Жеке құрам барлық індетті сөндіруге қауқарсыз, сондықтан 3 авиациялық техника тарту туралы шешім қабылданды», - деді ол.
Таудың кей жерлерінде әлі қар жауып тұрғанына қарамастан, тауда өрт маусымы басталып та кетті. «Қазавиаорманқорғау» компаниясының қызметкерлері құрғақ шөп жанғыштығы жағынан өте қауіпті екенін атап өтті. Болжам бойынша өртті жою бір күннен астам уақыт алуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық