«Медеу» саябағы мен Алматы қаласы экология департаменті басшылары күдікке ілінді
Алматы қаласы экология департаменті басшысының орынбасары мен «Медеу» саябағының басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді.
Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысының орынбасары мен «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
«Алматы тұрғындарын орынды алаңдатып отырған мәселелердің бірі – экология. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша департаменті осы саладағы шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті. Осылайша, Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысының орынбасары жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталды» делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Антикордың хабарлауынша, бизнес өкілдері шенеунікке «экологиялық постардағы көліктердің экологиялық мониторингін жүргізу үшін бұрын жасалған мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін 12 миллион теңгеден астам қаражат берген».
«Сонымен қатар, әкімдікке қарасты мекеме «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі басшылығы сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін ұсталды. Жедел-іздестіру шаралары табиғи саябақ басшысы ағаштарды санитарлық кесу келісім-шарттары бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1,5 миллион теңге көлемінде пара алғанын айғақпен анықтады» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық