Мәжілісте тендерге қатысқан депутаттарды түрмеге отырғызу ұсынылды
иллюстрация DALL-E нейрожелісінің көмегімен жасалған
Тендерге қатысқан мәслихат депутаттарына қылмыстық жауапкершілік енгізу идеясын саясаттанушы Данияр Әшімбаев ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әшімбаев жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң жобасын талқылаған мәжілістегі жұмыс тобына өз пікірін білдірді. Саясаттанушы мәслихаттар мен әкімдіктер арасындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күресу қажет деп есептейді.
«Бүкіл Қазақстан бойынша мәслихат депутаттары ештеңе істемейді. Олар тіпті комиссия төрағаларын да сайлай алмайды, себебі барлығының өз бизнесі бар. Мен мемлекеттік сатып алулар мен жергілікті әкімдіктердің тендерлеріне қатысқаны мәслихат депутаттарына қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсындым. Бәлкім, сонда артық кандидаттар кетіп, депутаттықтан табыс табу үшін емес, шынымен жұмыс істеуге келетін адамдар мәслихатқа сайланатын шығар», - деді ол.
Сонымен қатар, Данияр Әшімбаев сайлау туралы заңды өзгертуді ұсынды.
«Мәжіліс пен мәслихат сайлауының бір күнде өтетіні біздің мәслихаттарымыздың көзге көрінбей, ың-шыңсыз өте салатынына әкелді. Нәтижелерді екі-үш күннен кейін есептейді және дауыстарды санағанда неше түрлі «қызықтар» болып жатады. Бізге сайлау туралы заңды өзгерту керек, мәслихаттар мен мәжіліс сайлауын бір күнге қоймай, әртүрлі күнге бөліп тастау керек», - дейді депутат.
Абай облысында ауа райы күрт бұзылып, жаңбыр, қар, көктайғақ және қатты боран басталды. Облыс аумағында жол қызметтерінің арнайы техникасынан басқа барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық