Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Отбасы банк жүйесін сынады
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар баспана мәселесін көтеріп, Отбасы банкінің алгоритмін сынады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Бүгінгі күні «Отбасы Банкі» несие беру кезінде клиент қажетті соманың 50%-ын дереу әкелгеніне немесе депозитке жинақтағанына қарамастан, банк несие береді және барлық сомаға пайыздық мөлшерлеме алады. Мысалы, клиент 10 миллион теңге әкелсе, банк оған 10 миллион теңге береді, сыйақы мөлшерлемесі 20 миллион теңге болып есептеледі», - деді Ислам Сұңқар сәрсенбі күні Мәжіліс отырысында.
Ол адамға өз ақшасын өсіммен беру және сол үшін қосымша банк комиссиясын төлету қаншалықты әділетті болатынын айта кетті.
Оның сөзінше, банктегі салымшылардың наразылығына олар ақшаның депозитте болатынын, депозиттен пайыздық мөлшерлеме алынатынын және мемлекет сыйақысының барын айтып құтылады дейді.
«Біз бұл жай ғана қаржылық айлалар деп есептейміз. Өйткені, шарт бойынша бұл салымның сыйақы мөлшерлемесі жылына небәрі 2 пайызды құрайтынын, ал мемлекеттік сыйақы 200 АЕК-тен аспайтын шектеулі мөлшерде алынатынын көріп отырмыз. Біз 2023 жылы ең үлкен кірістердің бірі – 107,5 млрд. теңге алған «Отбасы банкі» АҚ-ын қарадық. Ақша кімнің пайдасында? Адамдардың ба, әлде банктің бе?» – деді депутат.
Мәжілісмен «Отбасы банкінде» тұрғын үй құнының 100% мөлшерінде сыйақыны есептеуді қайта қарауды ұсынды. Тұрғын үй сатып алу және Қазақстанда реттеудің нақты ережелері бар несие-жинақ кооперативтерін құру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?