Мәскеудегі елшілік ғимаратында Сирия оппозициясының туы көтерілді
Фото: Алексей Белкин / NEWS.ru / TACC
Мәскеудегі Сирия елшілігі ғимаратында Сирия оппозициясының туы көтерілді, деп хабарлады Orda.kz ТАСС пен РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Жаңа ту — жасыл, ақ, қара түсте. Тудың ортасында 3 қызыл жұлдыз бейнеленген. Башар Асадтың басқаруындағы Сирияның туы да үш түсті болды. Қызыл, ақ, қара түстердің үстінде екі жасыл жұлдыз болған еді. Бір күн бұрын, 8 желтоқсан күні ғимараттан дипломатиялық миссия қызметкерлері Сирия Араб Республикасының туы мен тақтайшасын алып тастаған. Дүйсенбіде ел өкілдігі штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Еске салайық, Кеше, 8 желтоқсан күні Сирияда үкіметке қарсы қарулы топтар ел астанасы Дамаскіні басып алды. Президент Башар Асад елден қашты. Асад режиміне қарсы қарулы топтар жергілікті телеарнадан мәлімдеме жасап, Дамаскіні «азат еткенін» және президент Башар Асад үкіметін құлатқанын мәлімдеген. Елден қашқан Башар Асад Мәскеуді паналады. Оның Мәскеуде 20 шақты пәтері бары анықталды.
Жаңалықтар
- Әлемдегі ең ұзақ тікелей әуе рейсі 2027 жылы іске қосылады
- БАӘ-де 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
- Жамбыл облысында лауазымын пайдаланып, ірі алаяқтық жасаған екі бұрынғы полицей сотталды
- Түркістанда полицейлер қауіпті кортежді тоқтатып, ықтимал жол апатының алдын алды
- Пезешкиан АҚШ-пен жасалған меморандумды «тарихи құжат» деп атады
- Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін меморандумға қол қойылуымен құттықтады
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей Ақтөбеде жаңа қызметке тағайындалды
- ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
- «Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 33 млрд теңге бөлінді
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
- Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
- Президент дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
- Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны соққыға жыққан
- Павлодарда 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батты
- Прокуратура тағы бір «резеңке пәтерді» анықтады: Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
- Семейде 8 және 14 жастағы екі бала із-түзсіз жоғалып кетті
- Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шығарыла бастады
- Депутат еліміздегі жер сілкінісі туралы халықты жедел ескерту үшін жасанды интеллект енгізуді ұсынды
- Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатындағы дебюттік матчта Колумбиядан жеңілді