Мәскеуде Цой қабырғасындағы граффитиге қатысты жанжал шықты
moscow_news / VK
2025 жылдың 12 сәуірінде Мәскеу орталығындағы Арбатта орналасқан танымал Цой қабырғасында қайтыс болған рэпер Паша Техникке (Павел Ивлев) арналған жаңа граффити пайда болды. Әртістің жанкүйерлері Виктор Цойға арналған қабырғаның жартысын «Техник» деген ірі жазумен және рэпердің портретімен жауып тастағанына наразы болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл әрекет танымал рок-музыканттың жанкүйерлері мен жұртшылықтың қатты аушын тудырды.
Арбат көшесіндегі № 37 үйде орналасқан Цой қабырғасы Виктор Цой 1990 жылы қаза болғаннан кейін оның жанкүйерлері жасаған бейресми мемориал. Қабырғада «Кино», «Цой тірі» деген жазулар, әндерден үзінділер және музыкантқа деген сүйіспеншілік сөздері жазылған.
Паша Техниктің жанкүйерлерінің әрекеті әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қатты сынға ұшырады. Көптеген пайдаланушылар бұл оқиғаны вандализм және Виктор Цойға деген құрметсіздік деп атады. Куәгерлердің айтуынша, «Техник» деген жазу қабырғаның едәуір бөлігіндегі Цойға арналған сөздерді жауып қалған.
Оған жауап ретінде акционер Роман Яковлев өз акциясын бастады. Ол осы жазбаның үстіне «Цой тірі, Техник өлді» деген жазуы бар ортаңғы саусағын көрсетіп тұрған Виктор Цойдың бейнесін орналастырды.
Цой қабырғасының бастапқы түрін қалпына келтіру немесе кінәлілерді жауапқа тарту бойынша шаралар қабылданатын-қабылданбайтыны әзірге белгісіз.
Цой және Техник
Виктор Цой – танымал музыкант, «Кино» тобының көшбасшысы және 80-ші жылдардағы ресейлік рок-мәдениеттің басты символдарының бірі. Оның «Перемен!», «Группа крови» және «Звезда по имени Солнце» сияқты әндері ішкі бостандық, жүйедегі көңілсіздік пен жақсылыққа деген үміт туралы.
Сонымен қатар, Цойдың өмірбаяны даулы оқиғаларға толы. Мысалы, оның «Восьмиклассница» әніне шабыт берген кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынасы деген қауесет әлі күнге дейін талқыланып жүр.
Естеріңізге сала кетейік, Паша Техник 2025 жылы 4 сәуірде 40 жасында Таиландта күйзелістен қайтыс болды. Треш-блогер отандық андеграунд-рэптің ең даулы және қарама-қайшы өкілдерінің бірі ретінде танымал болды.
Ол «Антихайп» бірлестігінің мүшесі болды, баттлдарға белсенді қатысты, ал оның айтқан сөздері өрескел, үрейлі арандатушылығымен және цензураға қарсы шыққанымен ерекшеленеді. Белгілі болғандай, Павел түрлі есірткі заттарына тәуелді болған және бірнеше рет емделген.
Жақында әлеуметтік желілерде Алматыда өзін әйгілі музыкант Виктор Цойдың туған апайымын деп таныстырған үйсіз әйелдің видеосы тарап, әншінің Қазақстанда тұратын апайы далада қалғаны тұралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық