Мәскеуде Цой қабырғасындағы граффитиге қатысты жанжал шықты
moscow_news / VK
2025 жылдың 12 сәуірінде Мәскеу орталығындағы Арбатта орналасқан танымал Цой қабырғасында қайтыс болған рэпер Паша Техникке (Павел Ивлев) арналған жаңа граффити пайда болды. Әртістің жанкүйерлері Виктор Цойға арналған қабырғаның жартысын «Техник» деген ірі жазумен және рэпердің портретімен жауып тастағанына наразы болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл әрекет танымал рок-музыканттың жанкүйерлері мен жұртшылықтың қатты аушын тудырды.
Арбат көшесіндегі № 37 үйде орналасқан Цой қабырғасы Виктор Цой 1990 жылы қаза болғаннан кейін оның жанкүйерлері жасаған бейресми мемориал. Қабырғада «Кино», «Цой тірі» деген жазулар, әндерден үзінділер және музыкантқа деген сүйіспеншілік сөздері жазылған.
Паша Техниктің жанкүйерлерінің әрекеті әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қатты сынға ұшырады. Көптеген пайдаланушылар бұл оқиғаны вандализм және Виктор Цойға деген құрметсіздік деп атады. Куәгерлердің айтуынша, «Техник» деген жазу қабырғаның едәуір бөлігіндегі Цойға арналған сөздерді жауып қалған.
Оған жауап ретінде акционер Роман Яковлев өз акциясын бастады. Ол осы жазбаның үстіне «Цой тірі, Техник өлді» деген жазуы бар ортаңғы саусағын көрсетіп тұрған Виктор Цойдың бейнесін орналастырды.
Цой қабырғасының бастапқы түрін қалпына келтіру немесе кінәлілерді жауапқа тарту бойынша шаралар қабылданатын-қабылданбайтыны әзірге белгісіз.
Цой және Техник
Виктор Цой – танымал музыкант, «Кино» тобының көшбасшысы және 80-ші жылдардағы ресейлік рок-мәдениеттің басты символдарының бірі. Оның «Перемен!», «Группа крови» және «Звезда по имени Солнце» сияқты әндері ішкі бостандық, жүйедегі көңілсіздік пен жақсылыққа деген үміт туралы.
Сонымен қатар, Цойдың өмірбаяны даулы оқиғаларға толы. Мысалы, оның «Восьмиклассница» әніне шабыт берген кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынасы деген қауесет әлі күнге дейін талқыланып жүр.
Естеріңізге сала кетейік, Паша Техник 2025 жылы 4 сәуірде 40 жасында Таиландта күйзелістен қайтыс болды. Треш-блогер отандық андеграунд-рэптің ең даулы және қарама-қайшы өкілдерінің бірі ретінде танымал болды.
Ол «Антихайп» бірлестігінің мүшесі болды, баттлдарға белсенді қатысты, ал оның айтқан сөздері өрескел, үрейлі арандатушылығымен және цензураға қарсы шыққанымен ерекшеленеді. Белгілі болғандай, Павел түрлі есірткі заттарына тәуелді болған және бірнеше рет емделген.
Жақында әлеуметтік желілерде Алматыда өзін әйгілі музыкант Виктор Цойдың туған апайымын деп таныстырған үйсіз әйелдің видеосы тарап, әншінің Қазақстанда тұратын апайы далада қалғаны тұралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- Тағы да жеке клиника: Астанада запастағы полковниктің ота алдында жүрегі тоқтап қалды
- Қызылорда облысында арықтан жас қыздың мәйіті табылды
- Алматыда сегіз жылға жуық тоқтап қалған Сайын көшесінің жалғасы ашылды
- АҚШ соққыларынан кейін Иран Кувейт пен Бахрейнге зымыран ұшырды
- Дүниежүзілік ит көрмесінде қазақтың тазысына қызығушылық артты
- Зеленский Путиннің өзінің ашық хатына берген жауабына қанағаттанбады
- Коллекторлық агенттік бүкіл қазақстандықтардың дерегін заңсыз сақтаған
- Ақтауда мүгедектігі бар 8 жастағы бала терезеден құлап мерт болды
- Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізіп, «Челсиге» ауысады
- «Қамшымен сабап, көсеумен ұрған»: Қарағандыда асыранды 6 баланы қорлаған ерлі-зайыпты сотталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті
- Әл-Фарабидегі қайғылы апат: Күдіктіні құтқармақ болғандардың өзі сотталуы мүмкін
- «Тарлан – Астана»: LRT жүйесінің жаңа атауын мәслихат қолдады
- Қарасай ауданында «Мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке тартты» деген ақпарат расталмады
- Тоқаев бірқатар Конституциялық заңға қол қойды
- Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар 1,3 млрд теңгелік актив «Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды
- Эверест шыңында 6 күн жалғыз қалған альпинист өз бетінше жерге түсті
- 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні
- Путин Ресей жағының Зеленскийдің «құзыреттілігіне» күмән келтіргеніне қарамастан кездесуге дайын
- Жұмыс істеу мерзімі бір ғасыр: Болашақ АЭС еліміздің электр энергиясы сұранысының 20%-ын қамтамасыз етеді