Мәсімовтің «жыр» болған үйі: Шетелдік БАҚ сатылмаған үй жайлы не айтты?
Коллаж: Orda.kz
Қазақстан билігі әлі күнге дейін Астанадағы Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы атышулы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі сарайды сатуға тырысып жатыр. Бұл жайлы Bloomberg журналистері жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Bloomberg 2 878 шаршы метрлік вилланың бағасы қазірдің өзінде 40%-ға төмендегенін, бірақ әлі күнге дейін бірде-бір сатып алушы табылмағанын жазды.
Шетелдік басылым сарайдың «люкс» ерекшеліктерін атап өткен. Виллада диско-бар, джакузиді бассейн, театр және 30 бөлме бар. Соның ішінде төрт адамға арналған жатын бөлме бар.
«Тіпті бастапқы бағадан 3 миллион доллар, яғни 40% жеңілдік жасалғанына қарамастан, Қазақстандағы соңғы тарихи оқиғалардың салмағы бұл сарайды сатуды өте қиын тапсырмаға айналдырады. Биыл мамыр айында үшінші сауда да тоқтатылды. Ал мемлекеттік активтерді басқару компаниясы енді бұл мүлікті өзінің балансына қалай шығару керектігін ойластырып жатыр», — деп жазады Bloomberg.
Астана әлі күнге дейін «миллионерлер қаласы» деген атаққа ие бола алған жоқ. Шетелдік инвесторларды тарту үшін үкіметтің барлық күш-жігерінің өтелмей жатқаны тағы бар. Ал жергілікті байлар осындай күмәнді тарихы бар объектіні сатып алуға асықпай отыр.
«Мұндай үйді ашық сату өте қиын болады. Себебі оны кім сатып алғанын барлығы біледі. Сонымен қатар, осындай ақшаға жылжымайтын мүлікке инвестиция салу ақылға қонбайды. Астанадағы жылжымайтын мүлік нарығы қызып кеткен. Инвестиция тарту төмендеді. Бағалардың өсуі бәсеңдеді. Элиталық жылжымайтын мүлікке сұраныс толық дерлік қанағаттандырылған», — деп түсіндірді Bloomberg-ке Алматы аналитигі Эльдар Шамсутдинов.
Астана жалпы Қазақстанның экономикалық әлеуетінің символы болып, дала ортасындағы жарқыраған жаңа қала және бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «сыйлық» болуы тиіс еді. Бірнеше жыл Нұр-Сұлтан атанған астана әлемге әйгілі сәулетшілердің жобасымен биік ғимараттарға танымал болып келеді.
2008 жылы бұрынғы қауіпсіздік комитетінің басшысы өзінің сарайын салған кезде, Қазақстанды экономикалық дағдарыс шайқап өтті. Инвестиция тарту күрт төмендеді. Ал 2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін Мәсімовтің атына қатысты бәрі тәркіленді. Бұрынғы премьер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін 18 жылға сотталды. Оның қолынан 17,2 миллион доллар қолма-қол ақша, сағаттар коллекциясы, алтын әшекейлер, суық қарулар, соның ішінде жапон катанасы тәркіленді және сарайы алынды.

Фото: E-auction.e-qazyna.kz II Мәсімовтен тәркіленген заттар
Қазір бұл мүлік саудаға қойылды. Алайда, оған деген қызығушылық төмен және бұл тек бағаның жоғары болуымен ғана емес. Кез келген адам үйді алуға оқталар болса, Мәсімовтің мүйзі қарағайдай таныстары болғанын түсінеді. Оған тиесілі активтерге инвестиция салу қауіпті — бұрынғы қауіпсіздік комитетінің басшысының достарын өз жауына айландырып алуы мүмкін екенін түсінеді. Оған қоса арнайы қызметтердің байлығына назар аударып, нысанаға алғаны ешкімге керек емес.
«Ақырында мемлекет бұл жылжымайтын мүлікті өз балансында қалдырып, оны басқа мақсатта пайдалана алады. Мысалы, әкімшілік ғимарат немесе балабақша ретінде алады», — деп жазды Bloomberg.
Мәсімовтің сарайы туралы материал шетелдік БАҚ-та элиталық жылжымайтын мүлік туралы арнайы жобаның бөлігі ретінде шықты. Бұған дейін Bloomberg Гонконг, Бангкок, Мумбай және Сиднейдегі сән-салтанатты ғимараттар туралы жазған болатын.
Маусым айында біз Астанадағы Кәрім Мәсімовтің вилласын муниципалдық меншікке өткізбегенін хабарлаған едік. Басында ғимаратты астана билігіне тапсыру жоспарланғаны, бірақ кейін бұл жоспардан бас тартылғаны жазылды. Қысқасы, әзірге сарайдың болашақ тағдыры әлі де белгісіз күйде тұр.
Жаңалықтар
- ЕАЭО орнына: Мирзиёев Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біріктіруді ұсынды
- «Қазақ еліне +1 күйеу бала»: inDrive иесі Арсен Томский Камила Лұқпановаға үйленді
- «Байсерке аспаны – 2026»: Авиация фестивалі өтіп жатыр
- Қазақстандағы алғашқы крематорийге 100 күн: Қанша адам жүгінді?
- Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы зауыттар мен клининг саласында заңды жұмыс істей алады
- Қостанай облысында әкесі мен қызы Тобыл өзеніне батып қаза тапты
- ТЖМ қызметкерлері Есіл өзенін жүзіп өтпек болған адамды құтқарды
- Ми-8 тікұшағы апаты: БҚО-да төрт адамның қазасына себеп болған іс сотқа жетті
- Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі болады
- Көрерменсіз өткен ойын: «Қайрат» командасы «Ұлытауды» жеңді
- Оңтүстік Корея президенті КХДР-ге бейбіт келіссөз бастауды ұсынды
- Жаһандық экологияға қауіп: Оман мен Иран жағалауындағы мұнай төгінділері
- Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда
- Каньэ Уэст: Алматылықтар күткен әлемдік шоу
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер