Мәсімов шынында жазасын өтеп жатыр ма?
Коллаж: Orda.kz
Ішкі істер министрлігі ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы шынымен де жазасын өтеп жатыр деп сендірді.
Мәжіліс кулуарында журналистер ішкі істер министрлігінің басшысына «Кәрім Мәсімов шынымен жазасын өтеп жатыр ма?» деген сұрақ қойды.
«Біз қазір тұтқынды көрсете алмаймыз. Ол сотталған, бас бостандығынан айыру орнында отыр», деді Ержан Сәденов.
2023 жылғы 24 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары А.Садықұлов, Д.Ерғожин, М.Осиповқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. К.Мәсімов пен А.Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билігін және лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану, Д.Ерғожин билікті күштеп басып алу, билікті және лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану, М.Осипов өкілеттерін асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды. Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық