Машкевичті Еуропада жерлейтін болды

cover

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының тең иесі Александр Машкевичті Еуропада жерлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.       

«Машкевич Еуропада жерленуі мүмкін» деп хабарлаған жексенбі күні ҚазТАГ агенттігінің дереккөзі.

Машкевичтің көмекшісі бизнесменді жерлеу туралы ақпаратқа түсінік берген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 22 наурызда Машкевичтің қайтыс болғанын ERG баспасөз қызметінен растады. Корпорацияның хабарлауынша, бизнесмен ұзақ науқастан кейін қайтыс болған.

23 наурызға қараған түні Машкевичтің қайтыс болуына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар