«Масаң күйде көлік басқарды»: Ақтөбелік шенеунік демалысын қамауға өткізеді
Фото: gov.kz
Сот Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық жер шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ақылбек Исатаевты кінәлі деп таныды. Оған қатысты 15 тәулікке қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқынан айыру туралы қаулы шығарды.
Іс Әйтеке би аудандық сотында 14 ақпан күні өтті. Лауазымды қызметкерге ӘҚБтК 608-бабы 1 бөлігімен айып тағылды. «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруы» бабы бойынша ашық сот отырысында қаралды.
Іс материалына сүйенсек, лауазымды қызметкер 14 ақпан күні «HYUNDAI TUCSON» маркалы автокөлігін масаң күйде басқарған. Ол Әйтеке би аудандық ауруханасына қарама-қарсы жерде ұсталды. Сотта Исатаев көлік құралын басқарғанын мойындайды, алайда масаң күйде болғанын жоққа шығарады.
Айтуынша, 1-1,5 литр қымыз ішкен. Сотта медициналық куәландыру, бейнежазба, ұстау хаттамасы секілді құжаттар зерделенген. Судья әкімдік қызметкеріне әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды.
Исатаев ӘҚБтК 608-бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылды. Әкімшілік қамаққа алу мерзімі 2025 жылдың 14 ақпаны сағат 18:00 уақытымен есептелінген.
Әйтеке би аудандық әкімдігінің мәлеметіне сүйенсек, Исатаев 3 ақпан мен 4 наурыз аралығында еңбек демалысын алған.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық