Масамен күреске 13,6 млрд теңге: Әкімдік қыруар қаражаттың себебін түсіндірді
Orda.kz редакциясының ресми сауалына жауап берген уәкілетті орган Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы қан сорғыш жәндіктерді азайтуға жоспарланған қаржы көлемін растады.
Еске салар болсақ, Павлодар облысында маса мен өзге де қансорғыш жәндіктермен күреске 13,6 млрд теңге жұмсау жоспарланғаны туралы Orda.kz тілшісі өңір әкімдігіне хабарласып, не себепті дәл осындай ірі қаражат қарастырылғанын сұраған еді. Сонымен қатар Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына ресми сауал жолдаған болатынбыз.
Orda.kz ресми сауалына құзырлы мекеме былай деп жауап беріпті:
«Алдағы үш жылға арналған дезинсекциялық жұмыстарға жалпы 13,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл шамамен жылына 4,5 млрд теңге болады» деп жазылған ведомствоның ресми жауабында.
Жоба аясында кешенді шаралар жүзеге асырылады. Олардың ішінде:
- авиациялық, барьерлік және жергілікті дезинсекция;
- өзендерді өңдеу;
- биологиялық және химиялық препараттарды қолдану;
- арнайы техника мен жабдық сатып алу.
- Жобаның іске асу мерзімі — 3 жыл.
Қамтылатын аумақтар
Ғылыми сүйемелдеу тобының ұсынысына сәйкес, авиациялық өңдеу көлемі 172 мың гектар болады.
Оның ішінде:
- Павлодар — 32 мың га;
- Ақсу — 30 мың га;
- Ақтоғай ауданы — 20 мың га;
- Тереңкөл ауданы — 20 мың га;
- Павлодар ауданы — 30 мың га;
- Иртыш ауданы — 20 мың га;
- Железин ауданы — 20 мың га.
Сонымен қатар 67 елді мекенде күн сайын барьерлік өңдеу жүргізіледі. Өзендерге жүргізілетін өңдеудің жалпы ұзындығы 3200 шақырым болады. Оның ішінде 1800 шақырымы баржалармен, ал 1400 шақырымы қайықтар арқылы жергілікті өңдеу әдісімен іске асырылады. Жұмыс Ертіс өзені мен оның тармақтарын қамтиды.
Конкурстық рәсімдер аяқталған. Мердігер ұйым ретінде «ВиК ЛТД» анықталған.
Бұрын қанша қаржы жұмсалған?
«Алдыңғы үш жылдық келісім бойынша өңдеу аумағы 127 мың гектарды, барьерлік өңдеу 60 елді мекенді қамтыған. Өзендерді өңдеу ұзындығы кемінде 1800 шақырым болған. Сол кезеңге бөлінген қаржы 8,7 млрд теңге (жылына 2,9 млрд теңге) болды», – дейді әкімдік.
Ведомство қабылданған шешімге келіспеген жағдайда оны әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамаға сәйкес жоғары тұрған органға шағымдануға болатынын ескертті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық