Мас полицей тұрғынға пышақпен шабуыл жасады: істі жаппақшы болды
Полиция басшысының шабуыл жасағаны туралы желіде белгілі болды. Іске қатысты Шығыс Қазақстан облысы полициясының бастығы Сағат Мәдиев түсініктеме берді.
Telegram арналардың бірінде:
28 қараша күні сағат 00:30 шамасында Ақсуат ауылында Ақылбековтың тұрғын үйінің ауласында полиция басшысы Қамзин мас күйде тұрған Шотабаевқа пышақ сұққаны туралы хабарлама келген.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Қалмұханбетов, Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің жүргізушісі, сержант Аманжолұлы келді.
«Жедел кезекші Рахымбеков бұл фактіні жасырып, тіркеген жоқ. Шотабаевтың арызы қабылданбады. Амалсыздан ол 30 қараша прокуратураға арыз жазуға мәжбүр болған» делінген хабарламада.
Хабарлама авторы бұл факті бойынша ШҚО ПД тарапынан қызметтік тексеру жүргізіліп, министрге хабарланбағанын жазды.
«Тәртіптік комиссия шешімімен Тарбағатай ауданы бойынша штабтың жауапты орынбасары Көшібаев қызметінен, старшина Қамзин, учаскелік полиция қызметкері Қалмұханбетов, жүргізуші Аманжолұлы, жедел уәкіл Рахымбеков полиция бөлімшесінен босатылды. Прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады» деп түйіндеді ол.
Жауапқа тартылады
Кейін ШҚО ІІД полициясының бастығы Сағат Мәдиев Facebook желісінде облыстық полиция департаменті жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіпті нығайту бойынша қажетті шараларды қолға алып жатқанын жазды.
Осылайша, атқарылып жатқан жұмыс аясында қызметкерлердің ғана емес, олардың тікелей басшыларының да тәртіптік жауапкершілігі айтарлықтай күшейтілді.
«Тәртіпсіздікке жол берген лауазымды тұлғаларға ең қатаң тәртіптік шаралар қолданылады, сондай-ақ қоғам тарапынан негізді сын, оның ішінде ішкі істер органдарынан босату және бұл біздің принципті ұстанымымыз» деп жазды ол.
Одан кейін Мәдиев жоғарыда айтылған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Қараша айында бізге Тарбағатай ауданы полиция қызметкерінің заңсыз әрекеті белгілі болды. Ол қызметтен тыс уақытта сол ауданның бұрын таныс тұрғынымен жанжалдасып, сол арқылы оған қарсы бұзақылық әрекеттер жасаған. Біз бұл фактіге дереу жауап бердік, сол күні, яғни 30 қарашада аталған қызметкер ішкі істер органдарынан келеңсіз себептермен жұмыстан шығарылды» деп түсіндірді полиция қызметкері.
Ол қазіргі уақытта оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Мәдиевтің айтуынша, аталған полиция бөлімшесінің тағы үш қызметкері аталған фактіні белгіленген тәртіпте тіркеу үшін дер кезінде қажетті шараларды қолданбағаны үшін қызметтен босатылды.
Аудандық бөлім басшылығы да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде басшының кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды