Мас күйінде ұсталған Форт-Шевченко әкімі қамауға алынды
Маңғыстау облысында бейбіт митинг кезінде мас күйінде ұсталған Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев Түпқараған аудандық сотының алдына шықты.
Шенеунікке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
«Сотпен Ш.Әзірбаев «Ақтау-Форт-Шевченконың» 3 шақырымында Toyota Camry 2,4 маркалы мемлекеттік нөмірі 397 АС 12 автомашинасын мас күйінде басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысы 0,73 пайызды – жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдықты құрайды» деп хабарлады Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі.
Соттың баспасөз қызметі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде – жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі он бес тәулікке әкімшілік қамауға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғатынын түсіндірді.
«Сот отырысында Ш.Әзірбаев кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдік ішпегенін, тек ауруына байланысты мойынын спиртпен жаққанымен түсіндірді. Қорытындылай келе, прокурор Әзірбаев Шалқыбайды кінәлі деп танып, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот қаулысымен Әзірбаев Шалқыбай ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, он бес тәулікке әкімшілік қамау және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаға тартылды» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық